Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан

Бұйрық · № 153-Ә · қабылданған 11.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65891/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 153-Ә ·11.05.2012
04.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 153-Ә · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153-Ә
Қабылданған күні
11.05.2012
Көрсетілген редакция
04.08.2021 65891_533882.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007703
ЭКБ идентификаторы
65891
Редакция идентификаторы
65891_533882
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:16

0 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

0 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау ми­ни­стрі­нің
2012 жы­л­ғы 2012 жы­л­ғы 11 ма­мыр­да­ғы
№ 153-ө бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) квоталаудың түрлі өңірлік және ұлттық схемалары мен парниктік газдар шығарындыларын саудалау аясында құрылатын квоталар бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1

1) міндетті көміртектік нарықтар - парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша мөлшерлік міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылған және парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірулерін арттыру бойынша жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде айналымға енгізілетін, заң жүзінде реттелетін квоталарды және көміртегі бірліктерін саудалаудың ұлттық және өңірлік нарықтары;

2

2) парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау схемасы - бір мемлекет немесе оның бөліктері аумағындағы парниктік газдар шығарындыларының шығу көзі болып табылатын экономиканың белгілі бір секторлары, қызмет түрлері, қондырғылар деңгейінде парниктік газдар шығарындыларын квоталауды қарастыратын заң жүзінде реттелетін және осы квоталарды саудалау үшін шарт қоятын жүйе;

3

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы қолданыстағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау схемаларын және схеманың пилоттық сатысының аяқталуына бір жылдан кешіктірмей қазақстандық көміртектік нарығының тиісті шетелдік және өңірлік міндетті көміртектік нарықтарымен ықпалдасу мүмкіндіктері жөнінде зерттеуді ұйымдастырады және квоталарды өзара тануды жүзеге асыру мақсатында халықаралық ынтымақтасуды дамыту бойынша іс-шараларға сараптамалық қолдау көрсетеді.

2 2. Квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібі

4 4. Квоталар бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін басқа мемлекеттермен және мемлекеттер тобымен өзара тану келесі талаптарды орындау арқылы іске асырылады:

1 1) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ұзақ мерзімді ұлттық мөлшерлік міндеттемелерді бекіту;

2 2) шығу көздерінен антропогендік шығарындыларды және парниктік газдарды сіңіргіштермен антропогендік сіңуін бағалау үшін ұлттық жүйе құру;

3 3) оның негізінде көміртегі бірліктерімен мәмілелер бойынша операциялар жүзеге асырылатын көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің болуы;

4 4) жыл сайынғы шығарындылар мен парниктік газдар сіңірулеріне ұлттық түгендеу жүргізу қолданыстағы халықаралық талаптарға сәйкес, ел бойынша парниктік газдар шығарындыларының күйін үнемі бағалауға мүмкіндік береді;

5 5) Қазақстан Республикасы аумағында парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау жүйесін іске қосу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобаларды жүзеге асыру үшін рәсімдер орнату;

5 5. Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін тануға қатысты талаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерімен екі жақты немесе көп жақты шарттарды жасасу арқылы жүзеге асырылады.

6 6. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.11.2016 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7

7. Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған өзге де көміртегі бірліктерін Қазақстан Республикасы аумағында шығарындыларды қысқарту міндеттемелерін өтеу мақсаттары үшін өзара тану Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша шараларына аталған көміртегі бірліктерін пайдаланудың қосымша шарттары ретінде іске асырылады.

8

8. Көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру жөніндегі халықаралық келісім-шартта және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу бойынша ұлттық жоспарда аталған талапты қамтамасыз ету мақсатында, өзара тануды жүзеге асыратын көміртегі бірліктерін пайдалануға тиісті кезеңіне квоталарды өтеу мақсатында лимит орнатылады.

Қолданыстағы