Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройста
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройста
- Атауы (қаз.)
- Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/180
- Қабылданған күні
- 04.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2016 65895_76865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BB000166
- ЭКБ идентификаторы
- 65895
- Редакция идентификаторы
- 65895_76865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:18
0 Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Степногорск қаласы әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 10 мамырдағы № А-5/163 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-143 тіркелген, 2011 жылғы 9 маусымда «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.