Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте

Қаулы · № 725 · қабылданған 01.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65917/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте Күшін жойған Қаулы ·№ 725 ·01.06.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте

Күшін жойған Қаулы ·№ 725 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения учета и регистрации ловчих хищных птиц, используемых на охоте
Атауы (қаз.)
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
725
Қабылданған күні
01.06.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI65917_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000725
ЭКБ идентификаторы
65917
Редакция идентификаторы
AI65917_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 01 маусымдағы
№ 725 қаулысымен
бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын және қолда ұсталатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қырғи;

2 2) қысқа мерзімді қолда ұстай тұру – аушы жыртқыш құстарды 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қолда ұстай тұру;

3 3) паспорт – аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аушы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.

3 3. Қазақстан Республикасының аумағында қолда ұсталатын, аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген немесе қысқа мерзімді уақытша қолда ұстауда тұрған құстардан басқа, қауымдастықта есепке алынуға және тіркелуге жатады.

2 2. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі

4 4. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.

5 5. Аушы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:

1

1) аушы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұсталу мақсаты, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аушы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

2 2) аушы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аушы жыртқыш құстың паспорты;

3 3) аңшы куәлігінің көшірмесі;

4 4) жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе паспортының және (немесе) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі беріледі.

6 6. Қолда ұсталған және шыққан жерінде тұратын аушы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.

7

7. Қауымдастық аушы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аушы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аушы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгіленуі тиіс.

8 8. Аушы жыртқыш құстарда ен болмаған жағдайда қауымдастық микрочиптермен ен салуды ұйымдастарды.

9 9. Аушы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.

10 10. Аушы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

11 11. Әрбір аушы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.

12 12. Аушы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.

13 13. Тіркелген аушы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аушы жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.

14 14. Аушы жыртқыш құс табиғатқа жіберілген жағдайда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомстволық уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен иесінің тұрғылықты жер бойынша аушы жыртқыш құсты босату туралы акт жасалады.

15 15. Аушы жыртқыш құс жоғалып кеткен және өлген жағдайда оның иесі 3 (үш) жұмыс күнi ішінде өзі тиісті акт ресімдейді және оны қауымдастыққа есептен алу үшін береді.

16 16. Аушы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.

17 17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ресімделмеген аушы жыртқыш құстар заңсыз олжаланған болып есептеледі.

1 Аушы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш

Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
1-қосымша
Кімге _________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық),
_______________________________________________________________
паспорт деректері
_______________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аушы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш
_____________________________________________________________________
__________ аушы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аушы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ________________________
Ұстау мақсаты және орны _____________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________
Сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер ___________
_____________________________________________________________________
      20 __ жылғы _________          ________________________________
      (өтінім берілген күн)                 (қолы, Т.А.Ә.,)
      МО (заңды тұлғалар үшін)

2 Аушы жыртқыш құстың паспорты

Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
2-қосымша
Аушы жыртқыш құстың паспорты
(НӨ­МІР)
Түр­дің ата­уы ______________(қа­зақ­ша)
___________________________(ғы­лы­ми)
Жы­ны­сы ________ Ту­ған жы­лы _________
Са­қи­на­сы (алын­бай­тын) ______________
Мик­ро­чи­пі __________________________
Ай­ы­рық­ша бел­гі­ле­рі _________________
Аушы жырт­қыш кұ­стың шы­ғу те­гі ____________________________________
Ие­сі _______________________________
Ие­сі­нің құ­жа­ты _____________________
нө­мі­рі _____________________ бе­ріл­ді
Аушы жырт­қыш құ­стың тір­ке­лу кү­ні мен нө­мі­рі _____________________________
«Аушы жырт­қыш құ­стың пас­пор­тын» бер­ген ұй­ым _________________
_____________________ (қо­лы)
МО
(НО­МЕР)
На­зва­ние ви­да ________________(рус­ское)
______________________________(на­уч­ное)
Пол __________ Год рож­де­ния ___________
Коль­цо (несъем­ное) ____________________
Мик­ро­чип ______________________________
Осо­бые при­ме­ты­_________________________
Про­ис­хож­де­ние хищ­ной лов­чей пти­цы _______________________________________
Вла­де­лец ______________________________
До­ку­мент вла­дель­ца ____________________
но­мер _____________ вы­дан _____________
Да­та и но­мер ре­ги­стра­ции хищ­ной пти­цы _______________________________________
Ор­га­ни­за­ция, вы­дав­шая «Пас­порт хищ­ной пти­цы»_________________________________
_____________________________ (под­пись)
МП
(НО­МЕР)
Name of species __________ (English)
________________________(scientific)
Sex __________ Birth date __________
Ring __________ Microchip __________
Special marks ______________________
Origin of the bird _________________
Name of owner ______________________
Document of owner __________________
number __________ issued ___________
Date of registration of the bird ____________________________________
Authorized agency __________________
___________________ (signature)
(S.P.)
Ме­кен­жайы        Ад­рес        Address
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Паспорттың мұқабасы
АУШЫ ЖЫРТ­ҚЫШ ҚҰ­СТЫҢ ПАС­ПОР­ТЫ
ПАС­ПОРТ ЛОВ­ЧЕЙ ХИЩ­НОЙ ПТИ­ЦЫ
PASSPORT OF BIRD OF PREY

3 № _____________ АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
3-қосымша
№ _____________ АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
Түр­дің ата­уы ______________________________________________________________
(қа­зақ­ша, орыс­ша)
(ғы­лы­ми)
Жы­ны­сы __________________________ Ту­ған жы­лы ______________________________
Са­қи­на­сы (алын­бай­тын) _____________________________________________________
Мик­ро­чи­пі _______________________________________________________________­__
Ай­рық­ша бел­гі­ле­рі _________________________________________________________
Аушы жырт­қыш құ­стың шы­ғу те­гі _____________________________________________
Аушы жырт­қыш кұс алын­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рі _________________________________
Ие­сі _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­__
Ие­сі­нің құ­жа­ты ____________________________________________________________
нө­мі­рі _____________________ _______________ ______________________ бе­ріл­ді
Ие­сі­нің ме­кен­жайы _________________________________________________________
Аушы жырт­қыш құ­стың тір­ке­лу кү­ні мен нө­мі­рі ____________________\__________
«Аушы жырт­қыш құ­стың пас­пор­ты» нө­мі­рі _____________________________________
Пас­порт­ты ал­дым. Ие­сі _____________________________________________________
(қо­лы)
Кар­точ­ка­ны тол­тыр­ған адам­ның қо­лы _________________________________________

4 Аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналы

Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
4-қосымша
Аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналы
Жа­з­ба №
Аушы жырт­қыш құ­стар­ды есеп­ке алу кар­точ­ка­сы­ның №
Аушы жырт­қыш құс пас­пор­ты­ның №
Құ­стың тү­рі
Са­қи­на, мик­ро­чип №
Ие­сі (Т.А.Ә.), заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ие­сі­нің ме­кен-жайы
Тір­кел­ген кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
1
2
3
4

Қолданыстағы