Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 16.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2015 65930_57456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NK000139
- ЭКБ идентификаторы
- 65930
- Редакция идентификаторы
- 65930_57456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:14
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан кәсіпорындарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Аудан кәсіпорындарында интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3
3. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне квотаға сәйкес, жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемді қамтамасыз етсін.
4
4. Әкімдіктің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 25 қазандағы № 301 қаулысының (2011 жылғы 09 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-11-127 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы № 47 "Новый путь-Бозторғай" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.