О внесении дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/437
- Қабылданған күні
- 17.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2014 65942_149455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12R0000939
- ЭКБ идентификаторы
- 65942
- Редакция идентификаторы
- 65942_149455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:14
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы «Нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу Ережесін бекіту туралы» № 964 қаулысын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің келесі қаулыларына толықтырулар енгізілсін:
1
1) Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру жөнінде» № 2/328 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 594 болып тіркелген, 2004 жылғы 20 мамырда «Алматы Ақшамы» газетінің № 56 және 2004 жылғы 27 мамырда «Вечерний Алматы» газетінің № 100-102 сандарында жарияланған) қаулысы, Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы «Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 2/328 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы» № 5/838 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 836 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің № 26 (11233) санында жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістерімен:
қаулының кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
2
2) Алматы қаласы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын бекіту туралы» 2006 жылғы 16 ақпандағы № 1/138 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 697 тіркелген, 2006 жылғы 14 наурыздағы № 29 (10382)) «Алматы Ақшамы» және 2006 жылғы 14 наурыздағы № 49 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды) қаулысы:
қаулының кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.