Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз на территорию Республики Казахстан и вывоз с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения

Қаулы · № 705 · қабылданған 31.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65947/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз на территорию Республики Казахстан и вывоз с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения Күшін жойған Қаулы ·№ 705 ·31.05.2012
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз на территорию Республики Казахстан и вывоз с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения

Күшін жойған Қаулы ·№ 705 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз на территорию Республики Казахстан и вывоз с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения
Атауы (қаз.)
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
705
Қабылданған күні
31.05.2012
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI65947_6.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000705
ЭКБ идентификаторы
65947
Редакция идентификаторы
AI65947_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:08

0 Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен
бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.

3 3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;

2 2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;

3 3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;

4 4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;

5 5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;

6 6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.

2 2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi

4 4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;

3 3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсат немесе кері экспорттауға сертификат.

5 5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.

6 6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.

7 7. Мынадай:

1 1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;

2 2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;

3 3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.

Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.

8 8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға мыналарды жібереді:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға үшін) анықтаманың немесе куәліктің*, сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;

ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3 3) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;

4 4) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;

5 5) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;

6 6) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

9 9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.

Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі қоса беріледі.

10 10. Мынадай:

1 1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;

2 2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;

3 3) осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасы толық көлемінде ұсынылмаған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.

Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.

11 11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.

12 12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.

Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.

13 13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.

14 14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.

15 15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.

Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.

16

16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.

17 17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

1 Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда
туралы конвенция қолданылатын
жануарлар түрлерiн Қазақстан
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна
мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция жөніндегі
әкiмшiлiк органның ғылыми ұйымы
_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
_______________________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
_______________________________________
мекенжайы
_______________________________________
телефон мен факстің нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді
сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1
Әке­лу, әке­ту мақ­са­ты (ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар, ғы­лы­ми зерт­те­улер, цирк­тер­де өнер көр­се­ту неме­се жы­л­жы­ма­лы көр­ме­лер, хай­у­а­нат­тар бақ­та­ры, бо­та­ни­ка­лық бақ­тар мен мұ­ра­жай­лар ара­сын­да­ғы ал­ма­су, сон­дай-ақ же­ке бе­ру­лер, аң­шы­лық ол­жа­лар және бас­қа­лар)
2
Мем­ле­кет­тік, орыс және ла­тын тіл­де­рін­де­гі ата­уы көр­се­ті­л­ген үл­гі
3
Үл­гі­нің си­патта­ма­сы (ті­рі жа­ну­ар­лар, те­рі­лер, тұлып­тар, ұша­лар, бас сүй­ек­те­рі, мүй­із­дер, азу ті­сте­рі, қан, сон­дай-ақ бұй­ым­дар және бас­қа­лар, ті­рі жа­ну­ар­лар үшін - жы­ны­сы мен жа­сы, ұқса­стық бел­гі­ле­рі­нің бар-жо­ғы)
4
Үл­гі­лер­дің са­ны неме­се сал­ма­ғы
5
Үл­гі­лер­дің шы­ғу те­гі (та­би­ғат­тан алын­ды, жа­сан­ды жол­мен шы­ға­рыл­ды неме­се өсі­ріл­ді неме­се бас­қа ел­ден қан­дай құ­жат­тар­дың негі­зін­де им­порт­тал­ды, тәр­кі­лен­ді, са­тып алын­ды, сый неме­се мұ­ра ре­т­ін­де алын­ды және бас­қа­лар)
6
Экс­порт­та­у­шы­ның және им­порт­та­у­шы­ның орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де­гі заң­ды ме­кен­жайы, олар­дың те­ле­фон­да­ры неме­се фак­ста­ры (же­ке тұ­лға­лар үшін - үй­і­нің ме­кен­жайы, пас­порт­тық де­ректе­рі)

2 Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда
туралы конвенция қолданылатын
жануарлар түрлерiн Қазақстан
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
Құрып кету қаупi төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк орган
_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
________________________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________________
мекенжайы,
_________________________________________
телефон мен факстің нөмірі)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған ӨТІНІШ
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
___________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1
Әке­лу және әке­ту мақ­са­ты (ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар, ғы­лы­ми зерт­те­улер, цирк­тер­де өнер көр­се­ту неме­се жы­л­жы­ма­лы көр­ме­лер, хай­у­а­нат­тар бақ­та­ры, бо­та­ни­ка­лық бақ­тар мен мұ­ра­жай­лар ара­сын­да­ғы ал­ма­су, сон­дай-ақ же­ке бе­ру­ші­лер, аң­шы­лық ол­жа­лар және бас­қа­лар)
2
Мем­ле­кет­тік, орыс және ла­тын тіл­де­рін­де­гі ата­уы көр­се­ті­л­ген үл­гі
3
Үл­гі­нің си­патта­ма­сы (ті­рі жа­ну­ар­лар, те­рі­лер, тұлып­тар, ұша­лар, бас сүй­ек­те­рі, мүй­із­дер, азу ті­сте­рі, қан, сон­дай-ақ бұй­ым­дар және бас­қа­лар, ті­рі жа­ну­ар­лар үшін - жы­ны­сы мен жа­сы, ұқса­стық бел­гі­ле­рі­нің бар-жо­ғы)
4
Үл­гі­лер­дің са­ны неме­се сал­ма­ғы
5
Үл­гі­лер­дің шы­ғу те­гі (та­би­ғат­тан алын­ды, жа­сан­ды жол­мен шы­ға­рыл­ды неме­се өсі­ріл­ді неме­се бас­қа ел­ден қан­дай құ­жат­тар­дың негі­зін­де им­порт­тал­ды, тәр­кі­лен­ді, са­тып алын­ды, сый неме­се мұ­ра ре­т­ін­де алын­ды және бас­қа­лар)
6
Экс­порт­та­у­шы­ның және им­порт­та­у­шы­ның орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де­гі заң­ды ме­кен­жайы, олар­дың те­ле­фон­да­ры неме­се фак­ста­ры (же­ке тұ­лға­лар үшін - үй­і­нің ме­кен­жайы, пас­порт­тық де­ректе­рі)

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен бекітілген
Әкімшілік органның Құрып кету қаупі
төнген жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкетуге
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша
Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ция (СИ­ТЕС)
ТҮП­НҰСҚA
Original
Convention on International Trade
in Endangered Species of Wild Fauna
and Flora (CITES)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ша­ған ор­та және су ре­сур­ста­ры
ми­ни­стр­лі­гі
Ми­ни­стер­ство окру­жа­ю­щей сре­ды и вод­ных ре­сур­сов
Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Ministry of Environment and Water Resources
of the Republic of Kazakhstan
Экс­порт
Export
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы СИ­ТЕС
әкім­ші­лік ор­га­ны
Aд­ми­ни­стра­тив­ный ор­ган СИ­ТЕС в
Рес­пуб­ли­ке Ка­зах­стан
Management Authorities for CITES in
the Republic of Kazakhstan
010000,
Ministry House,
Orynbor 8,
Astana city,
Republic of
Kazakhstan
Tel.: (+7172)
743325 Fax:
(+7172) 743300
Им­порт
Import
Ре­экс­порт
Reexport
Өзге­ле­рі
Other
Экс­порт­та­у­шы / Ре­экс­порт­та­у­шы:
Exporter / Re-exporter:
Рұқ­сат №:
Permit №:
Қор­ға­ныш мар­ка­сы №:
Security stamp №:
Дей­ін жа­рам­ды:
Valid until:
Им­порт­та­у­шы:
Importer:
Ерекше шар­ттар:
Special conditions:
Ті­рі жа­ну­ар­лар үшін бұл рұқ­сат та­сы­мал­дау шар­тта­ры СИ­ТЕС ұсы­ным­да­ры­на, ал авиа­та­сы­ма­лы жағ­дай­ын­да ИAТA қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес кел­ген­де ға­на жа­рам­ды
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations
Жа­ну­ар­дың орыс­ша және ла­тын­ша ата­уы
Russian and scientific name of animal
Са­лын­ған ен­ді қо­са ал­ған­да, үл­гі­нің си­патта­ма­сы
Description of specimens, including identifying marks or numbers
Қо­сым­ша
Appendix
Кө­зі
Sourc
е
Мақ­са­ты
Purpos
е
Да­на­лар са­ны неме­се сал­ма­ғы
Quantity: number of
specimens or weight
A
Шық­қан елі
Country of origin
Рұқ­сат­тың нө­мі­рі және кү­ні
Permit № and date
В
Шық­қан елі
Country of origin
Рұқ­сат­тың нө­мі­рі және кү­ні
Permit № and date
Осы рұқ­сат бе­ріл­ді:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Кү­ні/ Date Қор­ға­ныш мар­ка­сы, қо­лы және мө­рі
Қа­зақ­стан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal
Экс­порт­ты / ре­экс­порт­ты рас­тау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ке­ден ше­ка­ра­сы­нан өту бе­ке­т­ін­де тол­ты­ры­ла­ды
Өт­кі­зу бе­ке­ті _____________
Кү­ні ______________________
Ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы және
мөр: _______________________
Ко­но­са­мент­тің/авиа­құ­жат­тың нө­мі­рі: _____________________
Үл­гі­нің ата­уы
Са­ны
A
В
CITES PERMIT/CERTIFICATE №

47 Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналы

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
қосымша
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру журналы
Р/с

Кім­ге бе­ріл­ді
Үл­гі­нің ата­уы
Са­ны
Қай­да/қай­дан
Рұқ­сат бе­рі­л­ген күн және нө­мі­рі
Алушы­ның Т.А.Ә., се­нім­хат
Алушы­ның қо­лы
1
2
3

Қолданыстағы