О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Институт философии и политологии" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Институт философии и политологии" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 710
- Қабылданған күні
- 31.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2022 65952_578284.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000710
- ЭКБ идентификаторы
- 65952
- Редакция идентификаторы
- 65952_578284
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:08
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия және саясаттану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 710 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. «Алматы қаласының аумағының орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 264-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«264. Философия, саясаттану және дінтану институты Құрманғазы көшесі, 29-үй».
3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Философия, саясаттану және дінтану институты».