Об утверждении Правил конвертации единиц проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов в единицы квот
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил конвертации единиц проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов в единицы квот
- Атауы (қаз.)
- Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148-Ө
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 65955_533884.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007688
- ЭКБ идентификаторы
- 65955
- Редакция идентификаторы
- 65955_533884
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 148-ө
бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) ауыстыру - көміртегі бірліктерін бір түрден басқа түрге айналдыру операциясы;
2 2) көміртегі бірлігінің иесі - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін иеленетін тұлға;
3 3) парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктері – шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктері, шығарындыларды ішкі азайту бірліктері және парниктік газдар сіңірулерінің бірліктері.
3 3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.
4 4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иелерінің Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есеп шоттарында жүзеге асырылады.
5 5. Парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерін квоталар бірліктеріне айырбастау тиісті қосалқы шотта және Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шотта бірліктердің тиісті саны болған кезде жүзеге асырылады.
2 2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібі
6 6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иесінің өтініш білдіруі бойынша жүргізіледі.
7
7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды жүргізу үшін көміртегі бірліктерінің иесі Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторына ауыстырылатын бірліктердің түрі мен көлемін көрсете отырып сұраным жібереді.
8
8. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешімді көміртегі бірліктерінің иесінен ауыстыру жөнінде сұранымды алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
9
9. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі өтініш берушінің есеп шотында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерінің қажетті мөлшері болмаған жағдайда айырбастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10
10. Шығарындыларды азайту бірліктерін және шығарындылардың сертификатталған бірліктерін квота бірліктеріне ауыстыруды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының белгіленген мөлшер бірліктері қолданысқа енгізілгеннен кейін Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.