Құжат мәтініне өту

Об утверждении лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ

Бұйрық · № 131-Ө · қабылданған 04.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65962/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ Қолданыста Бұйрық ·№ 131-Ө ·04.05.2012
04.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ

Қолданыста Бұйрық ·№ 131-Ө · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ
Атауы (қаз.)
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131-Ө
Қабылданған күні
04.05.2012
Көрсетілген редакция
04.05.2012 AI65962_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007709
ЭКБ идентификаторы
65962
Редакция идентификаторы
AI65962_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:18

0 Озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313 және 316-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы № 176-I Заңымен қосылған Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған озон қабатын бұзатын заттарды 2012-2013 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.

2

2. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С және Е тізімінде көрсетілген озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мөлшерлік шектеулер белгіленсін.

3 3. Экономикалық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті:

осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.

4 4. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық Экология департаменттерінің назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Озон қабатын бұзатын заттарды 2012 – 2013 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары)

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ 131-ө бұйрығымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды 2012 – 2013 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары)
Жыл­дар
Кво­та­лар (тон­на)
С ті­зі­мі
Е ті­зі­мі
2012 жы­л­ғы 1 қаң­тар
1000*
80*
2013 жы­л­ғы 1 қаң­тар
1000*
80*
* цифрлер озон қабатын бұзатын заттарды жылдар бойынша орташа тұтынуды талдаудан алынған.
Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озон қабатын бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2009 – 2011 жылдары әкелген көлемге парапар жүзеге асырылады (Vi(2009), Vi(2010), Vi(2011)).
Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озон қабатын бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi(2011)) аспауы тиіс.
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтініш берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Vжалпы – мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2012 – 2013 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
ki – сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:
мұнда:
Vi(2009) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2009 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2010) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2010 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2011) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2009) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2009 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2010) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2010 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2011) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2011 жылы әкелген озон қабатын бұзатын заттардың көлемі, тонна.

Қолданыстағы