Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики расчета объемов образования эмиссий (в части отходов производства, сточных вод) от бурения скважин

Бұйрық · № 129-ө · қабылданған 03.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65967/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Методики расчета объемов образования эмиссий (в части отходов производства, сточных вод) от бурения скважин Қолданыста Бұйрық ·№ 129-ө ·03.05.2012
03.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики расчета объемов образования эмиссий (в части отходов производства, сточных вод) от бурения скважин

Қолданыста Бұйрық ·№ 129-ө · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики расчета объемов образования эмиссий (в части отходов производства, сточных вод) от бурения скважин
Атауы (қаз.)
Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129-ө
Қабылданған күні
03.05.2012
Көрсетілген редакция
03.05.2012 AI65967_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007714
ЭКБ идентификаторы
65967
Редакция идентификаторы
AI65967_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:19

0 Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3

3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны
қорғау министрінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 129-ө бұйрығымен бекітілген
Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ұңғымаларды бұрғылаудан өндіріс қалдықтары мен сарқынды сулардың түзілу көлемдерін есептеуге бірыңғай әдіснамалық тәсілді құру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларды одан кейінгі анықтау мақсатында әзірленген.

2 2. Ұңғымаларды бұрғылау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекспен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

2 2. Өндіріс қалдықтарының түзілу көлемдерін есептеу әдісі

3 3. Барлық ұңғыманың бұрғыланған жынысының жиынтық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

мұнда Vж.ара. – ұңғыма аралығының бұрғыланған жыныс көлемі, м3.
мұнда К1 – кеуектілік коэффициенті (белгілі бір жыныс көлеміндегі барлық кеуектер көлемінің осы жыныс көлеміне қатынасымен көрсетілген кеуектілік шамасы);
R – ұңғыма аралығының радиусі, м;
L – ұңғыма аралығының тереңдігі, м.

4 4. Бұрғылау шламының көлемі мына формула бойынша анықталады:

мұнда 1,2 – бұрғыланған жыныстың босауын ескеретін коэффициент, геологиялық кеніштің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі мүмкін және есептеулермен негізделеді.

5 5. Бұрғылау шламының массасы мына формула бойынша есептеледі:

мұнда - бұрғылау шламының көлемді салмағы, т/м3.

6 6. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің көлемі мына формула бойынша есептеледі:

мұнда К1 – дірілдегіш елеуіште, құм ажыратқышта және тұнба ажыратқышта тазарту кезінде шламмен бөлінетін бұрғылау ерітіндісінің шығындарын ескеретін коэффициент ([1] сәйкес К1 = 1,052);
Vа – бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі, м3. Бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі қондырғының паспорттық деректеріне сәйкес анықталады;
бұрғылау ерітіндісін қайталама пайдаланған кезде 1,2-ден 0,25-ке ауыстырылады.

7 7. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің массасы мына формула бойынша есептеледі:

мұнда - пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің үлестік салмағы, т/м3.

3 3. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемдерін есептеу әдісі

8 8. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемі мына формула бойынша есептеледі:

айналмалы сумен қамсыздандыру енгізген кезде 2-ден 0,25-ке ауыстырылады.

9 9. Бұрылатын бұрғылау сарқынды суларындағы ластаушы заттар төгінділерінің массасы мына формула бойынша анықталады:

мұнда Сi – бұрылатын сарқынды сулардың құрамына сәйкес i-ші ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.

Қолданыстағы