Құжат мәтініне өту

О представлении списка аффилиированных лиц акционерного общества

Қаулы · № 171 · қабылданған 28.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65970/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О представлении списка аффилиированных лиц акционерного общества Күшін жойған Қаулы ·№ 171 ·28.04.2012
24.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О представлении списка аффилиированных лиц акционерного общества

Күшін жойған Қаулы ·№ 171 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О представлении списка аффилиированных лиц акционерного общества
Атауы (қаз.)
Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
171
Қабылданған күні
28.04.2012
Көрсетілген редакция
24.04.2015 AI65970_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007719
ЭКБ идентификаторы
65970
Редакция идентификаторы
AI65970_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:20

0 Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Акционерлік қоғамдар (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өздерінің үлестес тұлғаларының тізімдерін осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ұсынсын.

2

2. Акционерлік қоғамдар үлестес тұлғалардың тізімдерін қағаз және электрондық тасымалдағыштағы (Excel-файлдағы электрондық кестелер) ілеспе хатпен есепті жылғы 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылғы 31 қаңтардан, 30 сәуірден, 31 шілдеден және 31 қазаннан кешіктірмей ұсынады.

3 3. Комитет қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Комитеттің интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.

4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 тіркелген);

2

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 272 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4206 тіркелген);

3

3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 тіркелген) 2-тармағының.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 171 қаулысына
қосымша
«___» ______________ ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның үле­стес тұ­лға­ла­ры­ның ті­зі­мі
Эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың мем­ле­кет­тік ті­зі­лі­мі­нің де­ректе­ріне сәй­кес жа­ри­я­лан­ған ак­ци­я­лар шы­ға­ры­лы­мын мем­ле­кет­тік тір­кеу және/неме­се жа­ри­я­лан­ған ак­ци­я­лар шы­ға­ры­лы­мын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ауы­сты­ру кү­ні мен нө­мі­рі
Үле­стес тұ­лға­лар­дың ті­зі­мі ұсы­ны­ла­тын күн
Же­ке тұ­лға­лар

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Ту­ған кү­ні*
Үле­сте­сті­лі­гін та­ну­ға ар­нал­ған негіз­дер**
Үле­сте­сті­лі­гі пай­да болған күн*
Ес­кер­ту­лер
1
2
3
4
5
6
Заң­ды тұ­лға­лар

Заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы
Заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні мен нө­мі­рі, заң­ды тұл­ға­ның поч­та ме­кен­жайы және нақ­ты ор­на­лас­қан ор­ны*
Үле­сте­сті­лі­гін та­ну­ға ар­нал­ған негіз­дер**
Үле­сте­сті­лі­гі пай­да болған күн *
Ес­кер­ту­лер
1
2
3
4
5
6
Басшының/оның орнындағы адамның қолы ____________________________
(қоғамның мөрімен бекітілген)
Басшының аты-жөні
* Күндер жылы/күні/айы форматында толық цифрлармен толтырылады, қоғамның акционерлері және лауазымды тұлғалары қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады.
** «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 1-тармағының тиісті тармақшасына, «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына (екінші деңгейдегі банктер үшін) сілтеме жасау қажет.

Қолданыстағы