Об оказании дополнительной социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 109
- Қабылданған күні
- 17.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2012 65976_282439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KE000130
- ЭКБ идентификаторы
- 65976
- Редакция идентификаторы
- 65976_282439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:14
0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылдың 1 наурызынан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
2 2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсанда төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
3 3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
1 1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2 2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап, "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3
3) әлеуметтік көмек есеп берілетін айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.