Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
Күшін жойған
Қаулы
·№ 219
·
14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 28.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2015 AI65981_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UE000132
- ЭКБ идентификаторы
- 65981
- Редакция идентификаторы
- AI65981_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:10
0 Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елді мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталған тұлғалардың жазаны өтеу орны: «Бәйдібек су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және «Шаян Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
3. Ауыл округтерінің әкімдері Бәйдібек аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Жолдас