Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе по содействию деятельности учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания

Қаулы · № 766 · қабылданған 08.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65993/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе по содействию деятельности учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания Күшін жойған Қаулы ·№ 766 ·08.06.2012
21.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе по содействию деятельности учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания

Күшін жойған Қаулы ·№ 766 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе по содействию деятельности учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания
Атауы (қаз.)
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
766
Қабылданған күні
08.06.2012
Көрсетілген редакция
21.07.2014 AI65993_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000766
ЭКБ идентификаторы
65993
Редакция идентификаторы
AI65993_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:05

0 Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.

2

2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган туралы үлгі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 511-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

0 Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ереже

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 766 қаулысымен
бекiтiлген
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) жергілiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрi – консультативтік-кеңесші орган) мәртебесін және өкiлеттiктерiн айқындайды.

2

2. Консультативтік-кеңесші орган қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жергілiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерi қызметінiң мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылады.

2 2. Консультативтік-кеңесші органның мiндеттерi

3 3. Консультативтік-кеңесші органның негізгі мiндеттерi:

1 1) қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен бөлiністерiнiң қызметiне көмек көрсету;

2 2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесiнің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;

3 3) сотталғандардың еңбегін, оның iшiнде бас бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсiпорындардың қажеттілігі үшiн түзеу мекемелерiнің жанындағы өндiрiстi дамытуды ұйымдастыру;

4 4) заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен кәсіпорындарын өңiрлiк және жергілiктi маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;

5 5) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

6 6) қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң кеңесі мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени iс-шараларды ұйымдастыруға, мекемелердің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;

7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

4 4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiне:

1 1) босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;

2 2) қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi, оның iшiнде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлерiне орналастыруды ұйымдастыру;

3 3) сотталғандардың шағымдары мен өтiнiштерiн түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнің уақтылы және дұрыс шешуiне көмек көрсету;

4 4) жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң түзеу мекемелерi комиссиясының қызметiне қатысуы;

5 5) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;

6 6) түзеу мекемелерінде жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қарау жатады.

5 5. Ауданның (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiне:

1 1) қылмыстық жаза қолдану тәртiбiнде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшiн қоғамдық жұмыс объектiлерiн белгілеу бойынша жергілiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;

2 2) түзеу мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтiк және өзге де көмектiң басқа түрлерiн ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстарды қарау жатады.

3 3. Консультативтік-кеңесші органның өкiлеттiктерi

6 6. Консультативтік-кеңесші орган:

1 1) өзінің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге;

2 2) мемлекеттiк органдардан консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiн іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұратуға және алуға;

3 3) заңнамада белгiленген тәртiппен түзеу мекемелеріне, түзеу жұмыстарындағы сотталғандардың жұмыс орындарына, мерзiмiнен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандарға және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдарға баруға;

4 4) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің басшыларын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын консультативтік-кеңесші органның құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша, алайда жылына кемінде екi рет тыңдауға құқылы.

4 4. Консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру

7 7. Жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы консультативтік-кеңесші орган жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен құрылады.

8

8. Консультативтік-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар, мәдениет, бiлiм беру, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының қатарынан қалыптастырылады.

9 9. Консультативтік-кеңесші органның құрамына лауазымы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органының бастығы кiредi.

10 10. Консультативтік-кеңесші органның құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ келiсiм бойынша прокуратура өкiлдерi, мәслихат депутаттары кiреді.

11 11. Консультативтік-кеңесші органды жергiлiктi атқарушы орган басшысының орынбасары басқарады.

12 12. Консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын жергілiктi атқарушы орган айқындайды және мәслихат бекiтедi.

13 13. Консультативтік-кеңесші органның отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ жарты жылда кемінде бiр рет өткiзiледi.

14 14. Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысының күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орнын, уақытын, тәртiбiн және мерзiмiн консультативтік-кеңесші органның басшысы белгілейдi.

15 15. Консультативтік-кеңесші органның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

Қолданыстағы