Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке согласования ограничений электрической мощности тепловых электростанций и мероприятий по их сокращению

Қаулы · № 757 · қабылданған 07.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66019/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке согласования ограничений электрической мощности тепловых электростанций и мероприятий по их сокращению Күшін жойған Қаулы ·№ 757 ·07.06.2012
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о порядке согласования ограничений электрической мощности тепловых электростанций и мероприятий по их сокращению

Күшін жойған Қаулы ·№ 757 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке согласования ограничений электрической мощности тепловых электростанций и мероприятий по их сокращению
Атауы (қаз.)
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
757
Қабылданған күні
07.06.2012
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI66019_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000757
ЭКБ идентификаторы
66019
Редакция идентификаторы
AI66019_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:05

0 Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 757 қаулысымен
бекітілген
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже

1

1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) жабдық тобы - жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;

2 2) жабдықтың кіші тобы – тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;

3 3) электр станциясының белгіленген қуаты – генерацияланатын электр станциясының, оның қуатын шектеуді шегере отырып белгіленген мәнi;

4 4) жылу электр станциясының белгіленген электр қуатын шектеу - белгіленген қуатты еріксіз толық пайдаланбау мәні;

5

5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың, оның тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;

6

6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;

7 7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;

8 8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;

9 9) қуаттың күтiлетiн шектеулерi - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуі;

10 10) қуатты шектеудің жылдық орташа мәні – қуатты шектеудің айлар бойынша орташа арифметикалық мәні;

11 11) номиналды қуат – осы жабдық үшін жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгіленген қуат;

12 12) сараптама ұйымы – заңнамада белгіленген тәртіппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

13 13) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

14 14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;

15 15) электр станциясының жұмыс қуаты – жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;

16 16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;

17 17) экологиялық шектеулер – табиғиғатты қорғау іс-шараларын өткiзу себебінен белгіленген қуаттың азайтылуы.

3 3. Жылу электр станциялары электр қуатын шектеуді келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды бередi:

1 1) 50 МВт дейін және одан жоғары қуатымен, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;

2 2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;

3 3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп және алдағы жылға арналған осындай іс-шаралардың тізбесі. Есеп еркін нысанда беріледі;

4 4) сараптама ұйымның берген энергетикалық сараптаманың актісі;

5 5) белгіленген қуатына қарамастан, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған қуаты 50 МВт дейін және одан көп жылу электр станциялары бойынша, оның ішінде энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығымен келісу.

4 4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

5 5. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган ұсынылған материалдарды келіседі немесе құжаттар осы Ереженің 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.

Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.

6 6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

7 7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеуді қысқарту үшін мынадай іс-шаралар орындалады:

1 1) күрделі жөндеу жүргізу кезінде станцияның тиімді жұмысын арттыруға бағыталған іс-шаралар орындалады;

2 2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшін тиімді жылу алмасу аппараттары қолданылады;

3 3) күл- қож шығару мен түтін газын тазалаудың тиімді жүйесі қолданылады;

4 4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етіледі.

8 8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсыныстар негізінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

9 9. Электр қуатын қысқарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

10 10. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.

Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.

11 11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледi.

12 12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.

13

13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты (мысалы: Т-120/130-130; Т-80/100-130; ПТ-30/40-29), бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамсыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.

14 14. Есептер өткен жылы электр қуатын шектеу орын алған және алдағы жылы электр қуатын шектеу күтілетін жылу электр станциялары бойынша жүргiзiледi;

15 15. Электр қуатын шектеу:

1 1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке топ бөлігі бойынша;

2 2) алдағы жылдың әрбiр айына және орташа есеппен жылға есептеледі.

16 16. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келуі тиіс: техникалық, маусымдық, уақытша.

Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.

17 17. Қуатты шектеу есептері мынадай жағдайларда орындалады:

1 1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;

2 2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудің болмауы;

3 3) сыртқы тұтынушыларға жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәнінің сәйкестігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметiнің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;

4 4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;

5 5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу жуне электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және бекітілген тәртіппен жабдықтардың нормативтік сипатамалары бойынша көрсеткіштерді есептеу үшін қажет басқалары.

Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.

18 18. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған, оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.

1 Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды

Жылу электр станцияларының электр
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
1-қосымша
Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды
Жаб­дық то­бы­ның ата­уы
Код
то­лық
қы­сқар­ты­л­ған
ЖЭС бой­ын­ша бар­лы­ғы
ЖЭС бар­лы­ғы
97
Қу­а­ты:
500
500 блок
3
300
300К бл­ок­тар
4
200
200К бл­ок­тар
7
150
150К бл­ок­тар
8
МВт кон­ден­са­ци­я­лы энер­ги­я­лық бл­ок­тар
Бу­ды ірік­теу рет­те­уі­ші бар энер­ги­я­лық бл­ок­тар, қу­ат­ты­лы­ғы МВт:
300
300Т бл­ок­та­ры
54
200
200Т бл­ок­та­ры
57
150
150Т бл­ок­та­ры
58
КЭС 90 кгс/см2
КЭС-90
11
ЖЭО 240 кгс/см2
ЖЭО-240
5
ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қат­ты қай­на­ту­сыз
ЖЭО-130
10
ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қат­ты қай­на­ту­мен
ЖЭО-130ПП
59
ЖЭО 90 кгс/ см2
ЖЭО-90
12
Бу-га­з­ды қон­дыр­ғы­лар
БГҚ
16
Газ-тур­би­на­лы қон­дыр­ғы­лар
ГТҚ
17
Өзге де жаб­дық­тар*
Өзге
21
Қол­да­ны­с­та­ғы ЖЭС-ті іс­ке қо­су қа­зан­дық­та­ры
ІҚҚ
18
Ең жо­ға­ры су қы­зды­ра­тын қа­зан­дық­тар
ПСҚҚ
20
Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60 ч 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.

2 Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды

Жылу электр станцияларының электр
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
2-қосымша
Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды
Қу­ат­ты шек­те­удің се­бе­бі
Шек­те­улер се­беп­те­рі­нің ко­ды
тех­ни­ка­лық
мау­сым­дық
уа­қыт­ша
1
2
3
4
Қу­ат­ты жиын­тық­ты шек­теу
100
200
300
Жо­ба­сыз отын, са­па­сы тө­мен отын
301
Есеп­тi қор­лар­ды өте­ген қа­зан­дық­тар және қо­сал­қы-қа­зан­дық­тар жаб­дық­та­ры
102
Қа­зан­дық­тар­дың құ­ры­лым­дық ақа­уы­ла­ры
103
Қо­сал­қы-қа­зан­дық­тар жаб­дық­та­ры­ның құ­ры­лым­дық ақа­у­ла­ры
104
Қо­сал­қы-қа­зан­дық­тар жаб­дық­та­ры­ның жет­кі­лік­сіз но­ми­нал­ды өнім­ді­лі­гі
105
Қа­зан­дық­тар сыр­ты­ның қай­на­уы­ның қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
306
Га­з­ды ауа трак­ты­сы­ның қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
307
Қо­сал­қы-қа­зан­дық­тар жаб­дық­та­ры­ның қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
308
Бу­дың тө­мен­де­ті­л­ген па­ра­метр­ле­рі­мен бу жет­кі­зу­ші­лер­дің, тур­би­на жұ­мыста­ры­ның тех­ни­ка­лық қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз жай-күйі
309
Қа­зан­дық­тар­дың жет­кiлiксiз но­ми­нал­ды бу өнім­ді­лі­гі
110
Тур­бо­аг­ре­гат­тар­дың құ­ры­лым­дық ақа­у­ла­ры
111
Тур­би­на­лар­дың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
312
Кү­рек­ті ап­па­рат­тың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
313
Тур­бо­аг­ре­гат­тар­дың қо­сал­қы жабды­ғы­ның қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
314
Ре­ге­не­ра­ци­я­лау жүй­есiн­де­гі қон­дыр­ғы­лар­дың және жаб­дық­тар­дың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
315
Есеп­тiк ре­сур­сты өте­ген тур­бо­аг­ре­гат­тың то­зуы
116
ПТН-ның жет­кі­лік­сіз но­ми­нал­ды бе­рі­луі
117
ПТН-нің қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
318
Р ти­пін­де­гі тур­би­на­лар­да жы­лу жүк­те­ме­лерiнiң бол­мауы
120
Р ти­пін­де­гі тур­би­на­лар­да жы­лулық жүк­те­ме­лерiнiң жет­кі­лік­сіз­ді­гі
221
321
Жа­ман ва­ку­ум­мен жұ­мыс iстей­тiн тур­би­на­лар­дың жы­лулық жүк­те­ме­лерiнiң жет­кі­лік­сіз­ді­гі
222
322
Т, П, ПТ ти­пін­де­гі тур­би­на­лар­дың жы­лу жүк­те­ме­лерiнiң жет­кі­лік­сіз­ді­гі (жо­ға­ры кон­ден­са­ци­я­лық өн­дi­ру)
223
323
Жы­лу­ды тұ­ты­ну ре­жи­мі­мен бай­ла­ны­сты өзге се­беп­тер
224
324
Т, П, ПТ ти­пін­де­гі тур­би­на­лар­дың жы­лу жүк­те­ме­лерiнiң жет­кі­лік­сіз­ді­гі (құ­ры­лым­дық ерекшелiк­тер)
125
225
325
Жы­лу­ды тұ­ты­ну­дың ар­туы
231
Рет­тел­мей­тiн сұ­рып­та­удан жы­лу бе­ру
232
Ре­про­дук­тив­ті-сал­қын­да­ту құ­ры­л­ғы­сы­нан (РСҚ) жы­лу бе­ру сал­да­ры­нан қа­зан­дық­тар қу­а­ты­ның тап­шы­лы­ғы
333
Жо­ба бой­ын­ша гра­ди­рен са­ны­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі
141
241
341
Жо­ба бой­ын­ша цир­ку­ляр­лық сор­ғы­лар­дың жет­кiлiксiз­ді­гі
142
Гра­ди­рен­нің қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
343
Цир­ку­ля­ци­я­лық сор­ғы­лар­дың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
344
Кон­ден­са­тор­лар­дың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
345
Гид­ро­суыт­қы­штар­дың жет­кiлiксiз суы­ты­луы­на бай­ла­ны­сты өзге де се­беп­тер
146
246
346
Кон­ден­са­тор­ға кі­ре­рде суыт­қыш су тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның ар­туы
247
То­ған-суыт­қы­штар­дың жет­кiлiксiз сал­қын­да­ту қа­бiлет­тiлi­гi
148
248
348
ГТУ бой­ын­ша шек­те­улер
149
249
349
ПГУ бой­ын­ша шек­те­улер
150
250
350
Ге­не­ра­тор қу­а­ты­ның жо­ба­лық сәй­кес­сiздi­гi
151
Iле­с­пе ком­пен­са­тор­дың ре­жи­мін­де­гі тур­бо­ге­не­ра­тор­дың жұ­мысы
352
Жүй­е­а­ра­лық электр бай­ла­ны­ста­ры­ның жет­кiлiксiз өт­кi­зу қа­бiлетi (жа­бы­л­ған қу­ат)
353
Ге­не­ра­тор­дың қа­на­ғат­та­нар­сыз тех­ни­ка­лық жағ­дайы
354
Қай­та ен­гі­зі­л­ген аг­ре­гат­тар­ды иге­ру­ді нор­ма­тив­тік мер­зім ке­зін­де шек­теу
355
Жы­лу бе­ру өнім­ді­лі­гі­нің жет­кiлiксiз­ді­гі
161
Қа­зан­дық­тар­да және қо­сал­қы- қа­зан­дық­тар жаб­дық­та­ры­ның құ­ры­лыс-мон­таж­дық кем­ші­лік­те­рі
362
Тур­би­на­лар­дың қо­сал­қы жаб­дық­тар­дың жы­лу кесте­ле­рін­де, тур­би­на­лар­да құ­ры­лыс-мон­таж­дық кем­ші­лік­те­рі
363
Жал­пы стан­ци­я­лық жаб­дық­тың, құ­ры­лым­дар­дың жет­кiлiксiз өнiм­дiлi­гi (су­ды хи­ми­я­лық та­зар­ту, түтiн құ­бы­ры, күл үй­iн­дiле­рі)
364
Жал­пы стан­ци­я­лық жаб­дық­тың, құ­ры­лым­дар­дың жет­кiлiксiз жо­ба­лық өнiм­дiлi­гi (су­ды хи­ми­я­лық та­зар­ту, түтiн құ­бы­ры, күл үй­iн­дiле­рі)
165
Жал­пы стан­ци­я­лық жаб­дық­та­ғы құ­ры­лыс-мон­таж­дау кем­ші­лік­те­рі
366
Ауа бас­сей­нін қор­ғау шар­тта­ры бой­ын­ша қу­ат­ты шек­теу
370
Су бас­сей­нін қор­ғау шар­тта­ры бой­ын­ша қу­ат­ты шек­теу
371
Жік­те­уіш­ке кiр­ме­ген өзге де се­беп­тер
172
272
372
Су ағы­сын­да (су ағы­сы­мен) жұ­мыс жа­сай­тын, гид­ро­элек­тро­стан­ци­яда (ГЭС) су ре­сур­ста­ры­ның же­тіс­пе­у­ші­лі­гі
226
Құй­ы­лу­дың және су қой­ма­сы­ның жұ­мыс іс­те­уі­нің тө­мен­ді­гіне бай­ла­ны­сты су ре­сур­ста­ры­ның же­тіс­пе­у­ші­лі­гі
227
Су қой­ма­сы­нан су­ды та­стау ре­жи­мі бой­ын­ша шек­теу
228
Тө­мен­гі бьеф­ті жо­ғар­ғы ті­реу
229
Гид­ро­элек­тро­стан­ция (ГЭС) пло­ти­на­сы­ның дай­ын бол­мауы
367
Жүк­те­лу қа­бі­ле­тін ес­ке­ріп, тур­би­на­лар­дың жұ­мысы
180

3 20__жылғы қуаты 50 МВт және одан жоғары __________________ ЖЭС аты жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер

Жылу электр станцияларының электр
қуатын шектеуді және оларды қысқарту
жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
3-қосымша
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
___________________ басшысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
сараптама ұйымның атауы министрлігі
__________ ______________ ___________________________
қолы Т.А.Ә. қолы Т. А.Ә.
20 __ ж. «___»_______________ 20 __ ж. «____»____________
20__жылғы қуаты 50 МВт және одан жоғары __________________ ЖЭС аты жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер
Көр­сет­кіш
Жаб­дық то­бы­ның ко­ды
Жо­ба­лық отын тү­рі­нің ко­ды
Энер­гия бло­гы­ның нө­мі­рі
Жол ко­ды
Шек­теу се­бе­бі­нің ко­ды
Ай­лар бой­ын­ша көр­сет­кіш­тің мәні (МВт)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл­дық ор­та­ша
Бел­гі­лен­ген қу­а­ты
Қол­да бар
қу­а­ты
Шек­те­улі қу­а­ты
Оның ішін­де се­беп­тер бой­ын­ша
ЖЭС басшысы ________________________ ____________________
қолы тегі, А.Ә.
📌 Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.

Қолданыстағы