Об утверждении Правил стандартизации измерения и учета выбросов парниковых газов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил стандартизации измерения и учета выбросов парниковых газов
- Атауы (қаз.)
- Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144-Ө
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 66042_533878.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007728
- ЭКБ идентификаторы
- 66042
- Редакция идентификаторы
- 66042_533878
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.
2 2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө
бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін белгілейді.
2
2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.
3 3. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары пайдалану шарттарына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының оған бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4 4. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бірліктердің мөлшерін айқындау үшін өлшем құралдары қолданылады.
5 5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1 1) ағын - отынның, шикізаттың немесе өнімнің белгілі бір түрі, оны бір немесе бірнеше қондырғыда пайдалану парниктік газдар шығарындыларына әкеліп соқтырады;
2 2) ағынды өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін есептеу үшін қолданылатын физикалық шама мәнін табу;
3 3) парниктік газдар шығарындыларын есепке алу - парниктік газдар шығарындыларын бақылау және басқару мақсатымен кәсіпорын қызметінің үдерісін бақылау және тіркеу жүйесі;
4 4) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін көрсететін физикалық шама мәнін табу.
2 2. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібі
6 6. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеуді стандарттау келесі негізде жүргізіледі:
1 1) парниктік газдар шығарындылары мен ағындардың өлшемін орындаудың бекітілген әдістемелерін қолдану;
2 2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау үшін өздерінің әдістемелерін әзірлеуі және қолдануы.
7 7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.
8
8. Ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемдерін орындауға тиісті әдістемелері болмаған жағдайда қондырғы операторлары ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі.» ұлттық стандарт талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асырады.