Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки внутренних проектов по сокращению выбросов парниковых газов и перечня отраслей и секторов экономики, в которых они могут осуществляться

Бұйрық · № 156-Ө · қабылданған 14.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66044/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки внутренних проектов по сокращению выбросов парниковых газов и перечня отраслей и секторов экономики, в которых они могут осуществляться Күшін жойған Бұйрық ·№ 156-Ө ·14.05.2012
04.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки внутренних проектов по сокращению выбросов парниковых газов и перечня отраслей и секторов экономики, в которых они могут осуществляться

Күшін жойған Бұйрық ·№ 156-Ө · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки внутренних проектов по сокращению выбросов парниковых газов и перечня отраслей и секторов экономики, в которых они могут осуществляться
Атауы (қаз.)
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156-Ө
Қабылданған күні
14.05.2012
Көрсетілген редакция
04.08.2021 66044_533880.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007730
ЭКБ идентификаторы
66044
Редакция идентификаторы
66044_533880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:15

0 Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;

2 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.

2 2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 1-қосымша
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;

2

2) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту жөніндегі ішкі жоба (бұдан әрі – ішкі жоба) - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі негізінде жүзеге асырылатын және базалық сценарийде сәйкестендірілген жағдайларды өзгертетін қызметтер немесе қызмет түрлері.

3 3. Ішкі жобаларды әзірлеуді жобаның өтініш берушісі жүзеге асырады.

2 2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі

4 4. Ішкі жобаларды әзірлеу келесі міндеттердің іске асырылуын қарастырады:

1 1) жобаны жоспарлау және жоба тұжырымдамасын дайындау (жобалық идеялар);

2 2) жобамен байланысты болатын парниктік газдар шығарындыларының көздерін немесе сіңірулері мен жинаушыларды сәйкестендіру;

3 3) жобаның базалық сценарийін анықтау;

4 4) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде парниктік газдарды азайтуға және сіңірулерін ұлғайтуға қатысты сандық бағалау және мониторинг рәсімдерін әзірлеу;

5 5) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын дайындау.

5

5. Жоба бастамашысы ішкі жобаны жоспарлау сатысында жобаның сипатталуын құрастырады, оның орындалуы үшін базалық жағдайларды, парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірулерін ұлғайту тәсілдерін анықтайды, парниктік газдар шығарындыларының күтілетін азаюын немесе олардың сіңірулерінің ұлғаюын алдын ала бағалайды, жобаны іске асырумен байланысты қауіп-қатерді сәйкестендіреді, жобаның орындалуының алдын ала күнтізбелік жоспарын құрастырады.

6 6. Егер де ішкі жоба қарастырудың бір сатылы рәсіміне енбесе, онда жоба бастамашысы жоспарлау сатысы нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба тұжырымдамасын (жоба идеясын) дайындайды.

7 7. Жобаның өтініш берушісі жобаның базалық сценарийіне мыналардың негізінде бағалау жүргізеді:

1 1) көздерден және (немесе) олардың сіңірулерінің абсорбциясынан парниктік газдардың нақты шығарындылары туралы мәліметтер;

2 2) жобаны іске асыру шартына қатысты мүмкін болатын белгісіздіктер есебі;

3 3) экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша реттейтін норманың стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар және іс-қимылдар есебі;

4 4) бекітілген ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің бірі.

8 8. Ішкі жобаларда бірнеше бір типті көздер және бірыңғай технологиялар пайдаланған жағдайда бір көз үшін базалық сценарий әзірлеуге және осы бастапқы жағдайларды тарату басқа көздерге беріледі.

9 9. Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін жобалық құжаттамалар және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобалар үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.

10 10. Жобаның өтініш берушісі парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе олардың сіңірулерін жобаның базалық сценарийімен салыстырғанда ұлғайтудың мөлшерлік анықтау рәсімін әзірлейді.

11 11. Жобаның өтініш берушісімен әзірленген немесе қолданылған мониторинг және мөлшерлік анықтау рәсімінің сипаттамасы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылатын мониторингі жоспарына енгізіледі.

1.1 Жоба тұжырымдамасының нысаны (жобалық идея)

Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 1-қосымша
нысан
Жоба тұжырымдамасының нысаны (жобалық идея)

1 1. Жобаның қысқаша сипаттамасы: жобаның атауы; мақсаты; типі; болжамды іске асыру орны; жобаның қысқаша сипаттамасы және ұсынылған шаралар.

2 2. Ішкі жоба бастамашысы туралы ақпарат: жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы; тіркеу деректері; мекенжайы; жоба бойынша байланысатын тұлға; негізгі қызмет түрі.

3 3. Жобаны орындағанға дейін бар базалық шарттардың сипаттамасы: ұсынылған жоба болмаған жағдайда орнын табатын неғұрлым мүмкін технология және шығарындылар деңгейі; қазіргі заңнама, экономикалық және өзге шарттар.

4

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерін ұлғайту тәсілдері және қаржыландыру: қызмет категориясын көрсету, мысалы, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, энергия тиімділік бойынша шаралар, ормандылықты ұлғайту және т.б.; техникалық аспектілер мен жоспарланған технологиялардың қысқаша сипаттамасы; жобаны іске асыруға күтілетін шығындар.

5 5. Күтілетін азайтулар немесе сіңірулердің ұлғаюы: парниктік газдар түрлері; шығарындылардың азаюы мен сіңірулерінің ұлғаюы көлемін алдын ала бағалау; азайтуға қол жеткізу немесе сіңірулердің ұлғаюы үшін күтілетін кезең.

6 6. Жобаны іске асырумен байланысты, оның ішінде, жоба шегінен тыс жүзеге асырыла алатын инвесторларды іздеуге, жобаны жоспарланған жерде іске асыруға, шығарындылар кемуіне қатысты қауіп – қатерлер.

7 7. Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары: жобаның ағымдағы мәртебесі, жобалық құжаттаманы дайындаудың күтілетін мерзімі, жобаны іске асыру басы; жобаның ұзақтылығы.

1.2 Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар үшін жобалық құжаттама

Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 2-қосымша
нысан
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар үшін жобалық құжаттама
1. Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
1. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның ата­уы.
2. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның заң­ды ме­кен­жайы және ор­на­лас­қан ме­кен­жайы.
3. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның қыз­ме­ті­нің негіз­гі тү­рі.
4. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­уі ту­ра­лы де­ректер.
5. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның же­тек­ші­сі­нің аты-жө­ні.
6. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның аты-жө­ні, ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны, фак­сі және
бай­ла­ны­сты тұл­ға­ның элек­трон­дық по­шта­сы.
7. Жо­ба ин­ве­сто­ры­ның ата­уы.
8. Жо­ба ин­ве­сто­ры­ның заң­ды ме­кен­жайы және ор­на­лас­қан ме­кен­жайы.
9. Жо­ба ин­ве­сто­ры­ның қыз­ме­ті­нің негіз­гі тү­рі.
2. Жо­ба­ның жал­пы си­патта­ма­сы
1. Жо­ба ата­уы.
2. Жо­ба си­патта­ма­сы.
3. Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар.
4. Жо­ба­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы.
5. Жо­ба­ның ор­на­лас­қан ор­ны: (ай­мақ, ел­ді ме­кен, жо­ба­ны сәй­кестен­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін жо­ба­ның гео­гра­фи­я­лық ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы мә­лі­мет).
6. Жо­ба шең­бе­рін­де ен­ді­рі­ле­тін тех­но­ло­гия(лар), неме­се қол­да­ны­ла­тын ша­ра­лар, опе­ра­ци­я­лар неме­се іс-қи­мыл­дар.
7. Пар­ник­тік га­з­дар­дың ан­тро­по­ген­дік шы­ға­рын­ды­ла­ры көз­дер­ден ұсы­ны­л­ған жо­ба ар­қы­лы қы­сқа­руы­на қа­ты­сты қы­сқа­ша тү­сі­нік­те­ме, оның ішін­де, ба­за­лық шар­ттар­ды на­зар­ға ала оты­рып, жо­ба ен­гі­зіл­ме­се, он­да шы­ға­рын­ды­лар неге азай­май­ды тү­сі­нік­те­ме­сін қо­са ал­ған­да.
8. Жо­ба бой­ын­ша кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңін­де ба­ға­ла­на­тын шы­ға­рын­дар­дың азаю кө­ле­мі.
9. Жо­ба­ны мүд­де­лі та­рап­тың ма­құл­да­уы.
3. Ба­за­лық сце­на­рий
1. Ба­за­лық сце­на­рий­дің си­патта­ма­сы және негіз­де­ме­сі.
2. Жо­ба бол­ма­ған жағ­дай­да, пар­ник­тік га­з­дар­дың ан­тро­по­ген­ді шы­ға­рын­да­ры көз­дер­ден бе­рі­л­ген дең­гей­ден тө­мен қы­сқа­руы­ның си­патта­ма­сы.
3. Жо­ба­ға қа­ты­сты қол­да­ны­ла­тын қыз­мет ше­гі анық­та­луы­ның си­патта­ма­сы.
4. Ба­за­лық сце­на­рий бой­ын­ша қо­сым­ша ақ­па­рат, оның ішін­де: анық­тау кү­ні және тар­ты­л­ған тұ­лға­лар.
4. Жо­ба­ның ұз­ақ­ты­лы­ғы және кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңі
1. Жо­ба­ның ба­ста­лу кү­ні.
2. Жо­ба­ның кү­ті­ле­тін ұз­ақ­тығы.
3. кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңі­нің ұз­ақ­ты­лы­ғы.
5. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның аза­юын ба­ға­лау
1. Жо­ба бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын шы­ға­рын­ды­лар кө­лем­де­рі.
2. Ба­ға­ла­на­тын ке­му­лер:
3. Шы­ға­рын­ды­лар­дың кү­ті­ле­тін азаю және ке­му со­мма­сы.
4. Ба­за­лық сце­на­рий бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын шы­ға­рын­ды­лар.
5. Жо­ба­дан кү­ті­ле­тін ке­му­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, шы­ға­рын­ды­лар аза­юы­ның кө­ле­мі.
6. 1 және 5 тар­мақ­тар бой­ын­ша алын­ған жал­пы анық­та­ма­лар кесте­сі.
6. Мүд­де­лі та­рап­тар­дың тү­сі­нік­те­ме­ле­рі
Мүд­де­лі та­рап­тар­дың тү­сі­нік­те­ме­ле­рі және оның жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар­мен қа­лай ес­ке­рі­л­ген­ді­гі ту­ра­лы ақ­па­рат.

1.3 Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін жобалық құжаттама

Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 3-қосымша
нысан
Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін жобалық құжаттама
1. Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
1. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның ата­уы.
2. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның заң­ды ме­кен­жайы және ор­на­лас­қан ме­кен­жайы.
3. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның қыз­ме­ті­нің негіз­гі тү­рі.
4. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­уі ту­ра­лы де­ректер.
5. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның же­тек­ші­сі­нің аты-жө­ні.
6. Жо­ба ба­ста­ма­шы­сы­ның аты-жө­ні, ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны, фак­сі және бай­ла­ны­сты тұл­ға­ның элек­трон­дық по­шта­сы.
7. Жо­ба ин­ве­сто­ры­ның ата­уы.
8. Жо­ба ин­ве­сто­ры­ның заң­ды ме­кен­жайы және ор­на­лас­қан ме­кен­жайы.
9. Жо­ба ин­ве­сто­ры қыз­ме­ті­нің негіз­гі тү­рі.
2. Жо­ба­ның жал­пы си­патта­ма­сы
1. Жо­ба ата­уы.
2. Жо­ба си­патта­ма­сы.
3. Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар.
4. Жо­ба­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы.
5. Жо­ба­ның ор­на­лас­қан ор­ны: (ай­мақ, ел­ді ме­кен, жо­ба­ны сәй­кестен­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін жо­ба­ның гео­гра­фи­я­лық ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы мә­лі­мет).
6. Жо­ба шең­бе­рін­де ен­ді­рі­ле­тін тех­но­ло­гия(лар), неме­се қол­да­ны­ла­тын ша­ра­лар, опе­ра­ци­я­лар неме­се іс-қи­мыл­дар.
7. Пар­ник­тік га­з­дар­дың ан­тро­по­ген­дік шы­ға­рын­ды­ла­ры көз­дер­ден ұсы­ны­л­ған жо­ба ар­қы­лы қы­сқа­руы­на қа­ты­сты қы­сқа­ша тү­сі­нік­те­ме, оның ішін­де, ба­за­лық шар­ттар­ды на­зар­ға ала оты­рып, жо­ба ен­гі­зіл­ме­се, он­да шы­ға­рын­ды­лар неге азай­май­ды тү­сі­нік­те­ме­сін қо­са ал­ған­да.
8. Кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңің­де ба­ға­ла­на­тын шы­ға­рын­дар­дың азаю кө­ле­мі.
9. Жо­ба­ны мүд­де­лі та­рап­тың ма­құл­да­уы.
3. Ба­за­лық сце­на­рий
1. Ба­за­лық сце­на­рий­дің си­патта­ма­сы және негіз­де­ме­сі.
2. Таң­дал­ған кө­мір­те­гі жи­нақ­та­у­шы­лар.
3. Пар­ник­тік га­з­дар көз­де­рі­нің ерекше­лі­гі, шы­ға­рын­ды­ла­ры жер пай­да­ла­ну­дың өзге­ру­іне неме­се ор­ман­ды­лық­тың ар­туы­на жа­та­тын жо­ба­лар­дың бір бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды.
4. Соң­ғы ан­тро­по­ген­дік сі­ңі­ру­ле­рі­нің аб­сорб­ци­я­сы жо­ба бол­ма­ған жағ­дай­да­ғы дең­гей­ден жо­ға­ры бо­луы ту­ра­лы си­патта­ма.
5. Жо­ба­ға қа­ты­сты қол­да­ны­ла­тын қыз­мет­тің ше­гі анық­та­луы­ның си­патта­ма­сы.
6. Ба­за­лық сце­на­рий бой­ын­ша қо­сым­ша ақ­па­рат, оның ішін­де: анық­тау кү­ні және тар­ты­л­ған тұ­лға­лар.
4. Жо­ба­ның ұз­ақ­ты­лы­ғы және кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңі
1. Жо­ба­ның ба­ста­лу кү­ні.
2. Жо­ба­ның кү­ті­ле­тін ұз­ақ­тығы.
3. Кө­мір­те­гі бір­лік­те­рін шы­ға­ру ке­зе­ңі­нің ұз­ақ­ты­лы­ғы.
5. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын азай­ту­ды ба­ға­лау
1. Жо­ба бой­ын­ша сі­ңі­ру­ле­рі­нің ба­ға­ла­на­тын соң­ғы ан­тро­по­ген­дік аб­сорб­ци­я­сы.
2. Ба­за­лық сце­на­рий бой­ын­ша сі­ңі­ру­ле­рі­нің ба­ға­ла­на­тын соң­ғы ан­тро­по­ген­дік аб­сорб­ци­я­сы.
3. Жо­ба және ба­за­лық сце­на­рий бой­ын­ша сі­ңі­ру­ле­рі­нің ба­ға­ла­на­тын соң­ғы ан­тро­по­ген­дік аб­сорб­ци­я­сы­ның ай­ыр­ма­шы­лы­ғы.
4. Ба­ға­ла­на­тын ке­му­лер.
5. Сі­ңі­ру­ле­рі­нің соң­ғы ан­тро­по­ген­дік аб­сорб­ци­я­сы­ның ба­ға­ла­на­тын ар­туын көр­се­те­тін 3 және 4 тар­мақ­та­ры ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­шы­лы­ғы.
6. 1 және 5 тар­мақ­тар бой­ын­ша алын­ған мән­дер­дің жал­пы кесте­сі.
6. Мүд­де­лі та­рап­тар­дың тү­сі­нік­те­ме­ле­рі
Мүд­де­лі та­рап­тар­дың тү­сі­нік­те­ме­ле­рі және оның жо­ба қа­ты­су­шы­ла­ры­мен ес­ке­рі­луі

1.4 Ішкі жобаның мониторинг жоспары

Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 4-қосымша
нысан
Ішкі жобаның мониторинг жоспары

1 1. Жобаның атауы.

2 2. Мониторинг жоспарының жалпы сипаттамасы.

3 3. Жоба бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингін (есебін) өткізу үшін қолданылатын деректер.

Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет неме­се қон­дыр­ғы­ның рет­тік нө­мі­рі
Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет бой­ын­ша ауы­спа­лы де­ректер тү­рі
Де­ректер кө­зі
Де­ректер­дің өл­шем бір­лі­гі
Са­нал­ған, өл­шен­ген неме­се ба­ға­лан­ған кө­лем
Бе­кі­ту және де­ректер жи­і­лі­гі
Ти­ісін­ше де­ректер­ді жал­пы кө­лем мо­ни­то­рин­гі­сіне соқ­ты­ра­тын де­ректер­ге қа­ты­сы

4 4. Жоба бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).

5 5. Базалық сценарий бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингі (есебін) үшін қолданылатын деректер.

Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет неме­се қон­дыр­ғы­ның рет­тік нө­мі­рі
Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет бой­ын­ша ауы­спа­лы де­ректер тү­рі
Де­ректер кө­зі
Де­ректер­дің өл­шем бір­лі­гі
Са­нал­ған, өл­шен­ген неме­се ба­ға­лан­ған кө­лем
Бе­кі­ту және де­ректер жи­і­лі­гі
Ти­ісін­ше де­ректер­ді жал­пы кө­лем мо­ни­то­рин­гі­сіне соқ­ты­ра­тын де­ректер­ге қа­ты­сы

6 6. Базалық сценарий бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).

7 7. Егер қолданылатын болса, мониторинг жоспарында жобадан кемуді бағалау

Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет неме­се қон­дыр­ғы­ның рет­тік нө­мі­рі
Мо­ни­то­ринг өт­кі­зі­ле­тін қыз­мет бой­ын­ша ауы­спа­лы де­ректер тү­рі
Де­ректер кө­зі
Де­ректер­дің өл­шем бір­лі­гі
Са­нал­ған, өл­шен­ген неме­се ба­ға­лан­ған кө­лем
Бе­кі­ту және де­ректер жи­і­лі­гі
Ти­ісін­ше де­ректер­ді жал­пы кө­лем мо­ни­то­рин­гі­сіне соқ­ты­ра­тын де­ректер­ге қа­ты­сы

8 8. Кемуді санауға арналған формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі және т.б. үшін, көміртегі қос тотығы эквиваленті тоннасындағы шығарындылар).

9 9. Жобадан шығарындыларды азайтуды бағалау үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі, т.б. үшін; CO2 тонна эквивалентіндегі шығарындыларды азайту).

10 10. Мониторинг жоспары үшін қабылданған сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету рәсімінің сипаттамасы.

11 11. Мониторинг жоспарын ендірген жағдайда пайдаланылатын басқару және қызмет жүйесінің сипаттамасы.

2 Ішкі жобалар жүзеге асырылуы мүмкін экономика секторлары мен салаларының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 2-қосымша
Ішкі жобалар жүзеге асырылуы мүмкін экономика секторлары мен салаларының тізбесі

1 1. Экономика салалары:

1 1) тау-кен өндіру және металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);

2 2) ауыл шаруашылығы;

3 3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

4 4) орман және далалы аумақтарды көгалдандыру;

5 5) жердің тозуының алдын алу;

6 6) жаңартылатын энергия көздері;

7 7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;

8 8) көлік;

9 9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыс;

10 10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

2 2. Экономика секторлары:

1 1) қаржылық емес бірлестіктер;

2 2) мемлекеттік басқару органдары;

3 3) үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар.

Қолданыстағы