Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-516
- Қабылданған күні
- 21.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 66068_324944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DA000165
- ЭКБ идентификаторы
- 66068
- Редакция идентификаторы
- 66068_324944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:12
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы бойынша орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 26 маусымдағы "Мүгедектердің жұмыс орындары квотасы туралы" N 20-605 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 26 шілдедегі N 2-1-27 нөмірімен енгізілген, 2006 жылғы 04 тамыздағы "Талдықорған" газетінің N 32 нөмірінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.