Об установлении единого тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Атырау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единого тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Атырау
- Атауы (қаз.)
- Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 950
- Қабылданған күні
- 13.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 66084_36161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TA000164
- ЭКБ идентификаторы
- 66084
- Редакция идентификаторы
- 66084_36161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:01
0 Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабының 3 тармағы 1) тармақшасына, 19 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 20, 21, 30, 30-А, 59, 65 маршруттары бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифі - 80 (сексен) теңге болып белгіленсін.
Қала маңының № 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 62, 64 маршруттары бойынша белгіленген тарифке қосымша 20 (жиырма) теңге мөлшерінде тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.И. Нұрлығожиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 шілдеде туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық мәслихатының
2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 44 шешімімен