Об определении условий и механизмов предоставления гарантийных обязательств и поручительств по займам, выдаваемым субъектам индустриально-инновационной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий и механизмов предоставления гарантийных обязательств и поручительств по займам, выдаваемым субъектам индустриально-инновационной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 744
- Қабылданған күні
- 05.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2013 AI66100_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000744
- ЭКБ идентификаторы
- 66100
- Редакция идентификаторы
- AI66100_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:06
0 Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктері айқындалсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 744 қаулысына
қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктері
1 1. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары
1
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды (бұдан әрі – жобалар) іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – субъектілер) берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асыратын шарттар мыналар болып табылады:
1 1) қаржы агентінің кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуға қатысу мөлшері жоба сметасы сомасының 80 %-ынан (сексен пайызынан) аспауы тиіс;
2 2) жоба сметасы шеңберіндегі субъектінің және (немесе) өзге үшінші тұлғаның қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;
3 3) жобаны іске асыру бойынша тәуекелдер толық көлемде жабылған, оның ішінде қамтамасыз етілген;
4 4) кепілдік міндеттемелер және кепілдемелер жиырма жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады;
5 5) жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізделуі.
2 2. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну тетіктері
2 2. Екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну үшін субъекті қаржы агентіне еркін түрде өтініш беру жолымен жүгінеді және мына құжаттарды ұсынады:
1 1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;