Об оказании дополнительной социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/02
- Қабылданған күні
- 06.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 AI66108_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KN000174
- ЭКБ идентификаторы
- 66108
- Редакция идентификаторы
- AI66108_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:06
0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі-әлеуметтік көмек).
2 2. Әлеуметтік көмек көрсету әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде ұсынылсын.
3 3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
1 1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету (толық мемлекеттік қамтылған мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек баланың басқа заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2 2) әлеуметтік көмек төлемдері өтініш білдірген мерзімінен "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төленеді;
3
3) өткен ай бойынша әлеуметтік көмек көрсету төлемдері қаржыландыруға байланысты төленеді. Әлеуметтік көмек көрсету төлемдері белгілі бір жағдайларға байланысты тоқтатылады (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туған сәттен кейінгі айдан бастап тоқтатылады.