Об утверждении Инструкции о применении технических средств фиксации хода и результатов следственных действий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции о применении технических средств фиксации хода и результатов следственных действий
- Атауы (қаз.)
- Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 31.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2015 AI66130_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007738
- ЭКБ идентификаторы
- 66130
- Редакция идентификаторы
- AI66130_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:08
0 Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға жолдасын.
4 4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің
(қаржы полициясы) төрағасы
____________________ Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________________ Н. Әбікаев
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________________ Қ. Қасымов
0 Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 68 бұйрығымен бекітілген
Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Нұсқаулық сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде алдын ала қылмыстық iзге түсу органдары пайдаланатын тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдануды нақтылайды.
2 2. Сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданылатын тергеу іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделсе, тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолданудың өзге тәртібін қолдануға жол беріледі.
3
3. Адамды ұстаған немесе оны қамауға алу кезінде жүргізілетін жеке тінтуді қоспағанда, тұрғын үй-жайды тексеру, тінту кезінде ҚІЖК-нің 201-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес куәгерлердің міндетті түрде қатысуы көзделген. Өзге тергеу іс-әрекеттері барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды міндетті түрде қолдана отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі.
2 2. Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану
4 4. Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құрал (бұдан әрі – техникалық құрал) – кинокамера, бейнекамера, фотоаппарат, диктофон.
Ақпарат жеткізгіш – ақпаратты қамтитын (ұстап тұратын), өз құрылымында оған енгізілген ақпаратты ұзақ уақыт жеткілікті сақтай алатын материалдық объект.
5 5. Техникалық құралдар ҚІЖК-нің 129 және 203-баптарына сәйкес қолданылады.
6 6. ҚІЖК-нің 203-бабының 4-тармағына сәйкес техникалық құралдардың қолданылуы тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасында белгіленеді, сондай-ақ:
1 1) техникалық құралдың және ақпарат жеткізгіштің түрі мен моделі;
2 2) тергеу іс-әрекетін жүргізу объектісі немесе барысы;
3 3) оларға алдын-ала техникалық құралдардың қолданылатыны туралы хабардар етілгені көрсетіліп, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан адамдар;
4 4) тергеу іс-әрекетіне қатысушылардың арыздары мен өтініштері;
5 5) техникалық құралға тіркеп жазылған уақыты: жазуды қосу мен аяқтау уақыты көрсетіледі.
7 7. Техникалық құралға жазу тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның түсіндірмелерімен сүйемелденеді, қосылған кезде жазудың басталған уақыты, күні, орны, тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның лауазымы мен тегі, оған қатысқан тұлғалардың тектері мен лауазымдары айтылады.
8 8. Техникалық құралда жазуды аяқтар алдында – жазу аяқталатын уақыт хабарланады, тергеу іс-әрекеттеріне қатысушылардан өтініштердің, ескертулер мен ұсыныстардың болуы, және қажет кезде, тергеу іс-әрекеттерін аяқтау не одан әрі жүргізу себептері туралы мәселе жария етіледі.
Техникалық себептермен жазу ауық-ауық үзілген және қайтадан қосқан жағдайда жазуды тоқтата тұру себептері мен қалпына келтірілген уақыты туралы хабарланады.
9 9. Техникалық құралдың қолданылуына жауапты тұлға, әдетте тергеу іс-әрекеттерін тіркеуді қамтамасыз ететін маман не қылмыстық iзге түсу органының қызметкері.
10 10. Тергеу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін ақпаратты жеткізгіш тергеу іс-әрекетін жүзеге асыруға жауапты тұлғаға беріледі.
Егер техникалық құралда ақпаратты алынбалы жеткізгіште тіркеуге және сақтауға мүмкіндік болмаса, тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат бастапқы форматта қайта жазуды немесе өзге де өзгертуді көздемейтін басқа жеткізгішке ауыстырылады. Тергеу іс-әрекетінің хаттамасында 1 байтқа дейінгі дәлдікпен файлдың бақылау сомасы және файлдың форматы көрсетіледі. Фототүсірілімдер қағаз нұсқаға ауыстырылады.