Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 15/04 · қабылданған 07.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66133/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 15/04 ·07.06.2012
11.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 15/04 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/04
Қабылданған күні
07.06.2012
Көрсетілген редакция
11.03.2014 66133_210878.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KI000135
ЭКБ идентификаторы
66133
Редакция идентификаторы
66133_210878
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:05

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).

2 2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсанда төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

3 3. Келесі жағдайлар белгіленсін:

1

1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3

3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4 4. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Шакентаев) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төленуді қамтамасыз етсін.

5

5. "Абай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (В.Г. Колябина) және "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Р. Муталяпова) жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаты шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.

6 6. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі N 10/05 "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" қаулысы жойылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ә.А. Жүніспековаға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы