Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечня юридических лиц, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"

Қаулы · № 801 · қабылданған 18.06.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66158/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечня юридических лиц, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий" Қолданыста Қаулы ·№ 801 ·18.06.2012
04.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечня юридических лиц, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"

Қолданыста Қаулы ·№ 801 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечня юридических лиц, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"
Атауы (қаз.)
"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
801
Қабылданған күні
18.06.2012
Көрсетілген редакция
04.05.2016 AI66158_6.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000801
ЭКБ идентификаторы
66158
Редакция идентификаторы
AI66158_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:59

0 "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 150-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

0 "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 801 қаулысымен
бекітілген
"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып танылған заңды тұлға;

2 2) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, Заңға сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс қызметке рұқсат беріледі.

2 2. Тізбені қалыптастыру тәртiбi

4 4. Тізбеге Заңның талаптарына сәйкес бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1 1) орналасқан жері бойынша салық органында салық төлеушілер ретінде тiркелген;

2 2) құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

3 3) жылдық жиынтық кірістің кемiнде 70 пайызын мынадай қызмет түрлерінен өзi өндiрген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайды:

дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);
ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

5

5. Тізбе жыл сайын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының атауы, оның салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі), сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бөлігінде Салық кодексінің 150 және 151-4-баптарының ережелері қолданалатын күнтізбелік жыл көрсетілетін күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін қалыптастырылады.

6

6. Тізбеге енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы уәкілетті органға салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі), сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бөлігінде Салық кодексінің 150 және 151-4-баптарының ережерелері қолданалатын күнтізбелік жыл көрсетілген еркін нысанда жазылған өтінішті және мына құжаттарды:

1 1) әділет органдары берген құрылымдық бөлiмшелерiнің жоқ екендігі туралы;

2 2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7 7. Уәкілетті орган өтінішті түскен күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай:

1 1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын тізбеге енгізу туралы;

2 2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.

8 8. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы өзін тізбеден шығару туралы дербес шешім қабылдаған жағдайда, ол бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

9 9. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысын тізбеге енгізуден бас тарту үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау негіз болып табылады.

10 10. Тізбеге енгізу (тізбеден шығару) туралы шешімдер уәкілетті органның бұйрығы нысанында қабылданады, ол осындай шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

Қолданыстағы