Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому

Қаулы · № 146 · қабылданған 31.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66189/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 146 ·31.05.2012
02.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 146 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
146
Қабылданған күні
31.05.2012
Көрсетілген редакция
02.04.2024 I66189_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DC000115
ЭКБ идентификаторы
66189
Редакция идентификаторы
I66189_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:08

0 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі – мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі – үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап жазғы каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына өтініш білдірген тоқсаннан бастап тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.

3 3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.

4

4. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) өтініш;

2 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;

3 3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

4 4) мүгедек баланың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (тоқсан сайын);

5 5) медициналық – әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

6 6)облыстық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациясының қорытындысы.

7 7) үйде оқытуды растайтын оқу орнынан берілген анықтама (тоқсан сайын).

Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ерлан Женисбайұлы Әбдалиев
31 мамыр 2012 жыл
"Текелі қаласының білім
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Зухра Қантайқызы Игембаева
31 мамыр 2012 жыл

Қолданыстағы