Құжат мәтініне өту

Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке лицензирования деятельности, связанной с использованием иностранной валюты

Қаулы · № 308 · қабылданған 19.07.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6619/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке лицензирования деятельности, связанной с использованием иностранной валюты Күшін жойған Қаулы ·№ 308 ·19.07.2000
01.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке лицензирования деятельности, связанной с использованием иностранной валюты

Күшін жойған Қаулы ·№ 308 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке лицензирования деятельности, связанной с использованием иностранной валюты
Атауы (қаз.)
Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
19.07.2000
Көрсетілген редакция
01.11.2010 AI6619_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001208_
ЭКБ идентификаторы
6619
Редакция идентификаторы
AI6619_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:21

0 Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2 2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):

1

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

3

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.Қ.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулысымен бекітілген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.

4 Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы
Ұлттық комиссияның атқарушы
директоры-мүшесі
20 шілде 2000 ж.
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 20 шілдедегі
N 308 қаулысымен
бекітілген
Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1. 2.2-тармақтың:

бiрiншi азатжолындағы "Валюталық" деген сөздiң орнына "Осы Ереженiң 2.2.-1-тармағында көзделген жағдайларды ескермегенде, валюталық" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Мынадай мазмұндағы 2.2.-1-тармақпен толықтырылсын:

2.2.-1

"2.2.-1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшуiн (ауысуын) көздейтiн капитал қозғалысына байланысты операциялар жасауға лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мынадай құжаттар ұсынады:

1 1) өтiнiш;

2 2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;

3 3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органы берген зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесi;

4 4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестиция жасауға жазбаша келiсiмi;

5 5) кастодиандық шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

6

6) лицензия беру туралы өтiнiш бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақыт бұрын берiлген бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екендігі жөнiндегi салық органының құжаты. Құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден ең соңғы мерзiмдегi бюджетке салық және басқа мiндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендiгi туралы салық қызметi органының құжатын сұратуға құқылы.".

3 3. 2.5-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:

"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне осы Ереженiң N 5 қосымшасына сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi.".

4 4. 2.7-тармақтағы:

"Валюталық" деген сөздiң орнына "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға берiлетiн бас лицензиялардан басқа, валюталық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған) лицензияның қолданылуы тоқтатылған не қайтарылып алынған жағдайда бас лицензия өз күшiн жояды.".

5 5. Мынадай мазмұндағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:

2.10

"2.10. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға резидент еместердiң бағалы қағаздарға инвестициялары бойынша шектеулер (инвестиция көлемi, бағалы қағаздардың түрлерi бойынша және т.б.) қолданылып жүрген заңдарға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.".

6 6. Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереже N 5 қосымшамен толықтырылсын.

Төраға
Шетел валютасын пайдалануға байланысты
қызметті лицензиялау тәртібі туралы
ережесіне
N 5 қосымша
Ұлттық Банкке есеп берілетін кезеңнен
кейінгі айдың 10-на дейін тапсырылады
Резидент еместердің бағалы қағаздарға инвестициялары туралы мәліметтер
________ жылдың _______________ айы
(бағалы қағаздардың әрқайсысы бойынша толтырылады)
Ұйымның атауы ________________________________________________
Пошталық мекен-жайы, телефоны, _______________________________
Ұйымның (ОКПО) коды __________________________________________
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және
қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы алған лицензияның
номері _____________________________________________________________
Ұлттық Банк алған лицензияның номері _________________________
Бағалы қағаздың атауы және тіркеу номері _____________________
Бағалы қағаздың номиналды құны _______________________________
Эмиссия валютасы _____________________________________________
Эмитенттің атауы _____________________________________________
Экономика секторы және эмитенттің елі _________________________
____________________________________________________________________
Саны, дана          көлемі,
мың АҚШ доллары
____________________________________________________________________
А                Б           1              2
____________________________________________________________________
Есеп беру кезеңінің басында     10
Қаржы операциялары              20*
Алғашқы эмиссия кезінде сатып   25
алынғаны
өтелгені/сатып алынғаны         30
қайталама рыноктан сатып алу    35
- резиденттерден                40
- резидент еместерден           45
қайталама рынокта сату          50
- резиденттерге                 55
- резидент еместерге            60
Құндық және басқа өзгерістер    70
Есеп беру кезеңінің аяғында     80**        Х
Кіріс                           90
(есептелген проценттер, нақты
алынған дивидендтер)            95          Х
____________________________________________________________________
---------------------
* 20=25-30+35+50
** 40=10+20+70
Анықтама үшін (орташа алғанда ай сайын):
Басқарудағы зейнетақы активтері, барлығы, мың теңге ________________
Оның ішінде, резидент еместердің бағалы қағаздарына
рұқсат етілген инвестициялар үшін мың теңге ________________
резидент еместердің бағалы қағаздарына нақты
инвестициялаған активтері, мың теңге _______________________
оның ішінде, осы бағалы қағаздарға инвестициялаған активтері,
мың теңге _______________________
Ұйымның басшысы _________________
Бас бухгалтер ___________________
Орындаушы ____________ (аты-жөні, тел.)
Мәліметтер нысанын толтыру бойынша нұсқаулар алу үшін ҚРҰБ
Валюталық реттеу және бақылау басқармасына өтініш жасау керек,
тел. 504-683.

Қолданыстағы