Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам по Талгарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам по Талгарскому району
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06-503
- Қабылданған күні
- 04.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2014 66195_189868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DR000149
- ЭКБ идентификаторы
- 66195
- Редакция идентификаторы
- 66195_189868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:06
0 Талғар ауданында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5–бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi келесідей белгiленсін:
уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
өз еркімен жұмыстан босатылған азаматтар;
бір жылдан аса жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
18 жасқа дейінгі балалары бар адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
қырық бес жастан үлкен тұлғалар.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Райхан Нұрмұрзақызы Садықоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Талғар ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Орынтай Шәріпұлы Бүркітов
01 маусым 2012 жыл
"Талғар аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры
Мурат Ильясұлы Туғанбеков
01 маусым 2012 жыл