О порядке предоставления права недропользования на проведение разведки, добычи и совмещенной разведки и добычи по Акмолинской области на общераспространенные полезные ископаемые
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке предоставления права недропользования на проведение разведки, добычи и совмещенной разведки и добычи по Акмолинской области на общераспространенные полезные ископаемые
- Атауы (қаз.)
- Кен қолданылатын қазба байлықтары алу жұмыстарын барлау, шығару және біріккен барлау мен шығаруды Ақмола облысы бойынша жүргізу құқығын беру тәртібі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-250ө
- Қабылданған күні
- 03.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2000 6620_215907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001208_
- ЭКБ идентификаторы
- 6620
- Редакция идентификаторы
- 6620_215907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:30
0 Кен қолданылатын қазба байлықтары алу жұмыстарын барлау, шығару және біріккен барлау мен шығаруды Ақмола облысы бойынша жүргізу құқығын беру тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 03.08.2004 № 40 өкімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің, заң күші бар, «Жер асты байлығын және қазба жұмыстарын қолдану туралы» (өзгертулер мен қосымшалар 11 тамыздың 1999 ж. ҚРЗ) жарлығын орындау мақсаттарында:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің, заң күші бар, «Жер асты байлы және қазба жұмыстарын қолдану туралы» жарлығының пункт 1, 41-1-бабымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қаңтар 2000 ж. № 108 «Қазақстан Республикасының қазба байлықтарын алу жұмыстарының құқығын беру ережесін бекіту» Қаулысы қазба байлықтарын қолдану құқығын алуға өткізілген байқау негізінде немесе келіссөз арқылы белгіленіп жүргізетіні назарға алынсын.
Комиссия мүшелері:
2. Облыстық байқау комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
А.С. Сейітжанов - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, төрағасы
Г.И. Соловяненко - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Г.Е. Глазков - «Севказнедра» АБ-ның бастығының орынбасары
Б.У. Елбергенов - облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары
Қ.Б. Қалабаев - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
К.Б. Мырзахметов - облыс әкімі аппаратының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық реформалар бөлімінің меңгерушісі
В.А. Медынский - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетінің төрағасы
A.Х. Райымбаев - облыстық салық комитетінің бастығы
Е.А. Сәдуов - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары
Ж.К. Сәберлінов - облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі
Қ.Қ. Тәшметов - Ақмола облыстық бас санитарлық дәрігері
С.П. Тарасов - «Центрказнедра» АБ-ның Ақмола облысы жер асты байлығын қорғау және қолдану инспекциясының бастығы
Н.Н. Юрашевич - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы
3. Комиссия құрамына сол алынатын жердің участкесі жатқан аудандардың әкімдері (немесе оның өкілдері) қатыстырылсын.
4. Кен қолданылатын қазба байлықтарын алу жұмыстарын жүргізу құқығын беруге байқауды дайындаумен өткізу, барлау, шығару және біріккен барлаумен жүргізу келісімін енгізу қазба байлықтарын пайдаланушылармен жасалған шарттың жобасын жасауға облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (Н.Н. Юрашевич) жауапты болып белгіленсін.