Об определении видов общественных работ для привлечения граждан, осужденных на привлечение к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для привлечения граждан, осужденных на привлечение к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 941
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2015 AI66222_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UG000167
- ЭКБ идентификаторы
- 66222
- Редакция идентификаторы
- AI66222_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық – атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы негізінде Мақтаарал ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгіленсін: қала, кенттер мен ауылдық округтер аумақтарын көріктендіру және тазалау.
2
2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орындары: Мақтаарал ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал-Жасыл желек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Мақтаарал аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және Мақтаарал ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісай» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3 3. Қала, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері Мақтаарал аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшiне енгізіледi.
Аудан әкімі С.Тұрбеков