Об определении видов общественных работ для привлечения граждан, осужденных на привлечение к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для привлечения граждан, осужденных на привлечение к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 941
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2015 AI66222_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UG000167
- ЭКБ идентификаторы
- 66222
- Редакция идентификаторы
- AI66222_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық – атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы негізінде Мақтаарал ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгіленсін: қала, кенттер мен ауылдық округтер аумақтарын көріктендіру және тазалау.
2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орындары: Мақтаарал ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал-Жасыл желек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Мақтаарал аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және Мақтаарал ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісай» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. Қала, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері Мақтаарал аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшiне енгізіледi.
Аудан әкімі С.Тұрбеков