Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О совете по связям с религиозными объединениями при акиме Костанайской области

Өзге акт · № 132 · қабылданған 26.06.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6623/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О совете по связям с религиозными объединениями при акиме Костанайской области Күшін жойған 26.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О совете по связям с религиозными объединениями при акиме Костанайской области

Күшін жойған Өзге акт № 132 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О совете по связям с религиозными объединениями при акиме Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
132
Қабылданған күні
26.06.2000
Көрсетілген редакция
26.06.2000 6623_258014.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001208_
ЭКБ идентификаторы
6623
Редакция идентификаторы
6623_258014
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 14.09.2005 № 40 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 6 мамырындағы № 683 "Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы" қаулысын орындау үшін ШЕШТIМ:

1. Облыс әкімі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі үйлестіру-кеңестік орган ретіндегі Кеңес бірінші қосымшада көрсетілген құрамда құрылсын.

2. Кеңестің төрағасы болып Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бектұрғанов С.Ш., кеңестің атқарушы хатшысы, болып облыс әкімінің кеңесшісі Орманов Қ.Т. бекітілсін.

3. Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің ережесі бекітілсін (2 қосымша).

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

5 Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамы

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 27 маусымдағы
№ 132 шешіміне 1 қосымша
Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамы
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы
Орманов Қуанышпай Төребекұлы - Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі, кеңестің
атқарушы хатшысы
Кеңес мүшелері
Дик Петр Францевич - Қостанай Заң институты философия әлеуметтік-
экономикалық пәндер кафедрасының бастығы
(келісім бойынша)
Иванюк Иван Дмитриевич - Қостанай облыстық ішкі істер басқармасы
әкімшілік полициясы басқармасының орынбасары
Жұмабаев Нияз Махметұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті "Отан тарихы"
кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша).
Кәкенов Жақсылық Кәкенұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының
аймақтағы әлеуметтік лингвистикалық проблемалары
бөлімінің бастығы
Королев Виктор Николаевич - ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы
бойынша департаментінің басқарма бастығы
МягковВладимир Алексеевич - Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
(келісім бойынша)
Стенникова Инна Викторовна - Қостанай облысы әкімі аппаратының ішкі саясат
және әлеуметтік сала болімінің меңгерушісі
Шіктібаев Ешмұхамбет Тілеубайұлы - Қостанай облысы әділет басқармасы бастығының
орынбасары (келісім бойынша)

6 Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің ережесі

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 27 маусымдағы
№ 132 шешіміне 2 қосымша
Қостанай облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс
жөніндегі кеңестің ережесі

1 І. Жалпы ережелер

1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес (әрі қарай -кеңес) облыс әкімі жанынан құрылған үйлестіру-кеңестік орган болып табылады.

2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік актілерді және осы ережені басшылыққа алады.

3. Кеңес өз жұмысын мемлекеттік органдармен, діни және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ қызметтері кеңестің мақсаттарына кайшы келмейтін халықаралық және басқа да ұйымдармен бірлесе атқарады.

4. Кеңестің шешімдері ұсыныс-бағдарламалық сипатта болады.

2 ІІ. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

5. Кеңестің қызметі азаматтардың дінге сену бостандығы жөніндегі мемлекеттік саясатқа сай ұсыныстар жасауға, осы орайда жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін реттеуге, конфессияаралық, қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдағы рухани келісімді нығайтуға бағытталады.

6. Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

- облыстың калалары мен аудаңдарындағы діни жағдайды және оның дамуының беталысын жан-жақты әрі әділдік тұрғысынан зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
- азаматтардың дінге сену бостандығы құқықтарын қатамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;
-жергілікті діни бірлестіктердің дін жөніндегі зандар мен нормативтік құқықтық актілерді сақтауына сараптама және талдау жасау;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын облыстағы діни жағдайдың жайы туралы хабардар етіп отыру;
- қалалар мен аудаңдардағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің жұмыстарын үйлестіру, олардың қызметіне бақылау жасау;
- облыста тіркелген діни бірлестіктер жайлы мәліметтер банкін жинап, оны толықтырып отыру;
- Қазақстан мен Россияның шекаралас жатқан аймақтарындағы өзі тектес мекемелерімен карым қатынас орнату, байланыстарды қолдау;
- дін тану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
- діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оларға қажетті
көмек көрсету.
- кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес іс-шараларды заңда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) азаматтардың дінге сену бостаңдығы және діни бірлестіктермен бірлесе іс-қимыл жасау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатынасады;

2) облыс аумағында құрылған діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің қызметтерінің мониторингін жүзеге асырады, олар туралы мәліметтер банкін құрады және толықтырып отырады;

3) мемлекеттің дін саясатын түсіңдіру бойынша бағытталған ақпараттық-насихаттық іс- шараларын жүзеге асырады;

4) азаматтардың дінге сену бостандығы құқықтарын реттейтін заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дайындайды;

5) діни сараптамалар жүргізуді камтамасыз етеді, қажет болған жағдайда оған тиісті мамаңдарды тартады;

6) діни бірлестіктердің өкілдеріне азаматтардың дінге сену бостандықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат жөнінде кеңес береді;

7) баска мемлекеттердің өзі тектес мекемелерімен байланыс орнатып, қарым-қатынасты калыптастырады;

8) Қазақстан Республикасының заңдары мен осы ережеге сәйкес баска да қызметтер атқарады.

3 ІІІ. Кеңестің жұмыс тәртібі

7. Кеңес жұмысын оның төрағасы - облыс әкімінің орынбасары басқарады.

8. Кеңестің аткарушы хатшысын — облыс әкімінің кеңесшісінің лауазымына облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

9. Кеңестің отырысы кем дегенде тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның жеке ұсынысымен,

немесе кеңес мүшелерінің үштен бірінің ұсынысымен шақырылады.

10. Отырыстарды даярлау, сараптама және талдау мәселелерін әзірлеу үшін кеңес өз мүшелерінің біреуінің басқаруында іс-қимыл жасайтын жұмысшы тобын құра алады.

11. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша кеңестің мыналарға құқы бар:

1) жергілікті мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке азаматтардан кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдары мәліметтерінің ақпараттық банкін пайдалануга;

3) кеңес жұмысына ғылыми ұйымдарды сарапшылар мен мандарды тартуға;.

4) азаматтардың дінге сену бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика зандарын бұзған діни бірлестіктер мен шет елдік миссионерлердің қызметтерін тоқтату жөніңде ұсыныс жасауға;

5) кеңестің құзыры мәселелеріне қатысты құқықтық- нормативтік актілердің жобаларын дайындауға катынасуға;

6) кеңестің құзырына қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;

7) Қазақстан Республикасының зандары мен осы ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

12. Кеңес жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.