Об утверждении перечня работ, относимых к научно-исследовательским, научно-техническим и (или) опытно-конструкторским работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня работ, относимых к научно-исследовательским, научно-техническим и (или) опытно-конструкторским работам
- Атауы (қаз.)
- Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 830
- Қабылданған күні
- 25.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2016 66262_158009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000830
- ЭКБ идентификаторы
- 66262
- Редакция идентификаторы
- 66262_158009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:57
0 Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы
Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
2 Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 830 қаулысы
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі
1 1. Мыналарды:
1 1) ғылыми болжауды (өз әдіснамасы мен техникасы бар арнайы теориялық зерттеулер);
2 2) іргелі және іздестіру зерттеулерін талдауды қамтитын ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысының техникалық тапсырмасын әзірлеу.
2 2. Мыналарды:
1 1) ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді;
2 2) патенттік зерттеулер жүргізуді;
3 3) ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысын жүргізуге техникалық тапсырмада қойылған міндеттерді шешудің ықтимал бағыттарын айқындауды және салыстырмалы бағалауды;
4 4) қабылданған зерттеу бағытын және міндеттерді шешу тәсілдерін таңдауды және негіздеуді;
5 5) жаңа өнімнің және (немесе) технологияның бағдарлы экономикалық тиімділігін бағалауды;
6 6) зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістемесін әзірлеуді (жұмыстардың бағдарламалары, жоспар-кестелер және т.б.);
7 7) инновациялық технологиялар бойынша базалық және егжей-тегжейлі инжинирингті қамтитын зерттеудің бағытын таңдау.
3 3. Мыналарды:
1 1) жұмыс гипотезаларын әзірлеуді, зерттеулер объектілерінің моделін құрастыруды, жорамалдарды негіздеуді;
2 2) теориялық зерттеулердің жекелеген ережелерін растау немесе есептеулерді жүргізуге қажетті өлшемдердің нақты мәндерін алу үшін тәжірибелер жүргізуді;
3 3) тәжірибелік зерттеулер әдістемесін әзірлеуді, модельдерді (макеттерді, тәжірибелік үлгілерді, пилоттық желілерді, тәжірибелік өндірістерді және т.б.), сондай-ақ сынақ жабдығын дайындауды;
4 4) бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді;
5 5) тәжірибелер жүргізуді, алынған деректерді өңдеуді, тәжірибелердің нәтижелерін теориялық зерттеулермен салыстыруды;
6 6) объектінің теориялық модельдерін түзетуді;
7 7) техникалық-экономикалық зерттеулерді жүргізуді қамтитын теориялық және эксперименталдық зерттеулер.
4 4. Мыналарды:
1 1) жұмыстардың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелерін қорытуды;
2 2) одан әрі зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, пилоттық желілерді жасау бойынша ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеуді;
3 3) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырма жобасын әзірлеуді қамтитын зерттеулердің нәтижелерін қорыту және бағалау бойынша жұмыстар.
5 5. Мыналарды:
техникалық тапсырмада көрсетілмей қалуы мүмкін бұйымға, оның техникалық сипаттамаларына және сапа көрсеткіштеріне қойылатын қосымша немесе нақтыланған талаптарды анықтауды, соның ішінде:
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пысықтауды;
болжамдау нәтижелерін пысықтауды;
алдын ала есептеулер және техникалық тапсырма талаптарын нақтылауды қамтитын техникалық ұсынысты әзірлеу.
6 6. Мыналарды:
қағидатты техникалық шешімдерді әзірлеуді, соның ішінде:
техникалық ұсыныс кезеңі бойынша жұмыстарды орындауды;
әзірлеудің құрамдас базасын таңдауды;
негізгі техникалық шешімдерді таңдауды;
бұйымның құрылымдық және функционалдық схемаларын әзірлеуді;
негізгі сындарлы элементтерді таңдауды;
жобаның метрологиялық сараптамасын;
макеттерді, пилоттық желілерді әзірлеуді және сынауды қамтитын эскизді жобалау.
7 7. Мыналарды:
бұйым, технология бойынша жалпы және оның құрамдас бөліктері бойынша техникалық шешімдерді түпкілікті таңдауды, оның ішінде:
қағидатты электрлік, кинематикалық, гидравликалық және басқа схемаларды әзірлеуді;
бұйымның, технологияның негізгі өлшемдерін нақтылауды;
бұйымды, технологияны сындарлы құрастыру және оны объектіге орналастыру үшін мәліметтерді беруді;
бұйымды өндіру және жеткізу үшін техникалық шарттардың жобаларын әзірлеуді;
өндірістің жаңа технологияларын (пилоттық қондырғылар немесе желілер) пысықтау үшін жартылай өндірістік масштабтағы (коммерциялық емес қолданыстағы) жабдықтар мен технологиялық тізбелерді әзірлеу, дайындау және енгізу бойынша жұмыстарды;
табиғи жағдайларда бұйымның негізгі құралдарының макеттерін сынауды қамтитын техникалық жобалау.