О местных правилах плавания по водным путям бассейна реки Урал Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-11 шешімімен. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүзудің Ережелеріне сәйкес дайындалып, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен "Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті Ережелері" қаралып және "ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 және 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелері" бекітілсін (жалғанады).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық Көлік бақылау комитеті басқармасына (А.Л. Үмбеталиев) Ережені барлық кеме иелеріне, Орал өзені алабы жағасындағы құрылымдарға жеткізу тапсырылсын және БҚО бақылау комитеті басқармасына осы Ережелердің орындалуын бақылауға алу жүктелсін.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының транспорт және коммуникация министрлiгi
Облыстық мәслихат сессиясының 2000 жылғы 20 маусымдағы № N 4-9 шешiмiмен "БЕКIТIЛДI" Қазақстан Республикасының транспорт және коммуникация министрлiгi Транспорт бақылау комитетi Орал өзенi алабының су жолдарымен жүзудiң жергiлiктi ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы қағидалар.
1-тарау. Жалпы қағидалар. 1. Қолдануы.
Тармақ 1.1
1.1. Орал өзенi алабының су жолдарымен жүзудiң жергiлiктi ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Транспорт коммуникациялар министрлiгi бекiткен Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарымен жүзудiң ережелерiне сай дайындалған.
Тармақ 1.2. 2. Жауапкершiлiк.
1.2. Осы Ережелер Орал өзенi алабының су жолдарындағы ерекшелiктердi қамтып көрсетедi және кеме қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған. Осы Ережелер Орал өзенiндегi кеме жолдарымен Рубежка поселкесiнен Пешной аралына дейiн /өзеннiң сағасы/ және Шалқар көлiнде жүзетiн, Қазақстан Республикасы Транспорт және коммуникациялар министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық Көлiк бақылау комитетi басқармасының (бұдан әрi - Басқарма) бақылауындағы барлық кемелердi, соның iшiнде шағын кемелердi, құрамаларды, басқа жүзу құралдарын, сонымен қатар Орал өзенiнiң кеме жүретiн су жолдарында орналасқан жағалаудағы және гидротехникалық құрылымдар мен кемежайларды қамтиды. 2. Жауапкершiлiк.
Тармақ 2.1. 3. Анықтамалар.
2.1. Кемелер мен жағалаудағы құрылымдардың иелерi, кеме жүргiзушiлер, экипаж мүшелерi. Орал өзенi алабында кемелер мен жағалаудағы құрылымдарды пайдаланумен айналысатын кәсiпорындар мен мекемелердiң басшылары және жеке азаматтар осы Ережелердi басшылыққа алуға, оларды қатаң сақтауға мiндеттi, осы Ережелердi орындамаудан және кеме жүргiзу тәжiрибесi мен нақты жағдай талап ететiн сақтық шараларын немқұрайлы қараудан туындауы мүмкiн салдар үшiн жауапқа тартылады. Кемелердi осы Ережелермен қамтамасыз ету - кеме иесiнiң мiндетi. 3. Анықтамалар.
Тармақ 3.1
3.1. Осы Ережелердi мәтiн бойынша басқа түсiнiк беру қажет болмаған жағдайда 3.2-3.25-тармақтарда анықтамасы берiлген терминдер қолданылады.
Тармақ 3.2
3.2. Су тартылған кезең деп өзен топырақ суымен ғана қоректенетiн кезең аталады.
Тармақ 3.3
3.3. Тасқын кезеңi деп өзен ерiген қар суымен, нөсер жаңбыр суымен, су қоймаларынан босатылған және басқа да сулармен қоректенетiн кезең аталады. Бұл кезеңде өзен қысқа мерзiмге жылдам көтерiледi.
Тармақ 3.4
3.4. Арал - су ортасындағы өсiмдiктi жер.
Тармақ 3.5
3.5. Саяз жер деп кеме жүрiсi жолындағы тереңдiктiң шектелуiне байланысты кеме жүрiсiнде қиындықтар туындайтын өзен арнасының бөлiгiн атайды.
Тармақ 3.6
3.6. Иiрiм-екi саяз жер арасында орналасқан түбi терең учаске.
Тармақ 3.7
3.7. Асулар белгiсi - фарватер бiр жағадан екiншi жағаға ауысатын жерде жағада орнатылған белгi. Белгi ретiнде баған орнатылады. Оның жоғарғы жағына фарватердiң осiне перпендикуляр жайылған квадратты қалқан орнатылады.
Тармақ 3.8
3.8. Жүрiс белгiсi бойымен фарватер өтетiн жағалауда орнатылады. Белгi жоғарғы жағына жазықтығы фарватерге параллель жайылған ромб қалқан бекiтiлген бағаннан құралады.
Тармақ 3.9
3.9. Сигнал белгiсi кемелердiң айырылысуында және басып озуында қиындық туындайтын немесе бұларға тыйым салынған тар жерлерде жағада орнатылады. Баған спираль бойынша қара және ақ сырмен боялады.
Тармақ 3.10
3.10. Бакен - кеменiң жүрiс жолының оң жақ шетiнде орнатылатын қызыл түстi дөңгелек белгi.
Тармақ 3.11
3.11. Қарақшылар - кемелер күндiз ғана жүретiн жерлерде орнатылады.
Тармақ 3.12
3.12. Қарша - тамыр жүйесiмен бiрге батқан ағаш.
Тармақ 3.13
3.13. Кеменiң жүрiс жолы - iшкi су жолындағы кемелер қозғалысы үшiн арналған және жерде немесе картада белгiленген су кеңiстiгi.
Тармақ 3.14
3.14. Топырақ қарақшылары - өзеннiң түбiне батырылған сырық.
Тармақ 3.15
3.15. Сыпырғы - бiр буда бұта.
Тармақ 3.16
3.16. Мүйiс - өзен немесе көл арнасындағы шығыңқы құрғақ жер.
Тармақ 3.17
3.17. Қайраң - судың бетiне шығып тұрған арна бөлiгi.
Тармақ 3.18
3.18. Кеме жүрiсiнiң жағдайы - кеме жүрiсiн сипаттайтын жерлерде, жағада немесе қалқып тұратын кеме жүрiсiн реттейтiн белгiлер.
Тармақ 3.19
3.19. Жүрiс тiк жары - бойымен кеме жүретiн тiк жар.
Тармақ 3.20
3.20. Рейд - су қоймасының акваториясындағы кеменi қоюға арналған бөлiгi.
Тармақ 3.21
3.21. Люк - трюм жайын қарауға арналған палубадағы қарайтын саңлау.
Тармақ 3.22
3.22. Иллюминатор - кеме бортындағы қарауға арналған әйнекке ауыстырылған саңлау.
Тармақ 3.23
3.23. Шпаунготтар - киль мен палубаға бекiтiлетiн, көлденең және майысқан қабрғалар, олар көлденең жиынтыққа жатады.
Тармақ 3.24
3.24. Фарватер - кеме жүрiсiне арналған су қоймасының бөлiгi.
Тармақ 3.25
3.25. Пыж - кеме бортымен келiп тоқтағанда қабылдау.
Тармақ 4
4. Барлық кемелерде /шағын және желкендiлерден басқасында/ жүзу аудандарының карталары қолданымдағы навигацияға сәйкестендiрiлуi тиiс. Бұл карталармен бiрге Республикалық Қазыналық су жолдары кәсiпорны (бұдан әрi "Кәсiпорын") дайындап, мүдделi тұлғаларға өткiзетiн рейдтер мен тұрақтардың аумағындағы кеме тұрақтары мен қозғалысының тәртiбiн белгiлейтiн сызбалар да қоса берiледi.
Тармақ 5
5. Кемелердегi жазбалар (кеме куәлiгiнiң литерасы мен нөмiрi атауы) Қазақстан Республикасындағы кемелердi тiркеу Ережелерiне сәйкес жазылуы тиiс. Люктер, есiктер, құбыр жолдары, шығатын есiктер, шпангоуттар Кемелер өмiршеңдегi үшiн күрес жөнiндегi Нұсқамаларға (КӨНКН) сәйкес белгiленедi.
Тармақ 6
6. Кемелерге басқа жазбалар мен суреттердi салуға, соның iшiнде жарнамалық сипатты, тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Барлық кемелер пайдалануға қабылданғанда БҚО Көлiк бақылау комитетiнiң басқармасына ұсынылуы тиiс. Басқарма қызметкерлерi қарамаған кемелердi пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Кеме капитаны рейстiк тапсырма осы Ережеге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының iшкi сулармен жүзу Ережелерiне және өзен транспортын техникалық пайдалану Ережелерiне қайшы келетiн жағдайда одан бас тартуға құқылы.
Тармақ 9
9. Осы Ережелердiң орындалуын Басқарма бақылайды.
Тарау 2. 2-тарау. Кеме жүзуiнiң жағдайы.
2-тарау. Кеме жүзуiнiң жағдайы.
Тармақ 10
10. Су тасыған және су тартылған кезеңдегi кеме жүзуiнiң жағдайын Басқармамен келiсiлген сызба бойынша Республикалық Қазыналық Орал су жолдары кәсiпорны белгiлейдi.
Тармақ 11
11. Орал өзенiндегi жаға жағдайы асулардың, жүрiстiң және сигналдардың белгiлерiнен құралады. Жүзу жағдайын бакендер мен топыраққа орнатылған қарақшылар көрсетедi. Қызыл қарақшы ретiнде сырық пайдаланылады, оған жалпақ жағы жоғары қарай орнатылған қабығынан тазаланған сыпырғы бекiтiледi. Оның төменгi жағы судан 30-50 см. биiктiкте болуы қажет. Ақ қарақшы ретiнде жоғарғы көлденең кесiндiсi 2 метр биiктiктегi қабығынан тазаланған сырық қолданылады.
Тармақ 12
12. Кеме жүзуi жағдайы белгiлерiнiң сызбадан шегiнiп, өзгеше орналасуының әрқайсысы туралы Кәсiпорын тәулiгiне кем дегенде екi рет кезектi жол парағы /радиобюллетень/ арқылы кеме жүргiзушiлерге хабарлайды.
Тармақ 13
13. Су тасыған кезеңде суға басылып қалған тiк жарлар мен аралдар кеме жүзуi жағдайының қосымша белгiлерiмен қоршалады.
Тармақ 14
14. Асулардағы ең төменгi кепiлдi тереңдiктер анықталған соң кеменiң жүрiс жолы екi жақтан суда қалқып тұратын белгiлерiмен /бакендермен/ қоршалады.
Тармақ 15
15. Егер кеменiң жүрiс жолының енi кепiлдi екi енiнен үлкен болған жағдайда кеменiң жүрiс жолының бiр жиегi қоршалса жеткiлiктi.
Тармақ 16
16. Кеменiң жүрiс жолы 500 метр немесе одан да аз радиуста күрт бұрылған жағдайда, ағыс бойынша төмен жүзiп келе жатырған кемелер жағаға жығылмас үшiн мүйiстер мен саяз жерлердi белгiлейтiн бакендер кеменiң жүрiс жолының енiне байланыссыз қойылады.
Тармақ 17
17. Жүрiс жары /жағасы/ бойында, су кесiндiсiнен 10 метр және одан да үлкен қашықтықта жатқан кедергiлер /тамырымен суға кеткен немесе құлаған ағаштар және басқалар/ кезiккен жағдайда, оларды кеме жүрiсi жағдайының қалқымалы белгiлерiмен қоршау қажет.
Тармақ 18
18. Кеме жүргiзушiлер кеме жүрiсi жағдайының қалқымалы белгiлерiн сақтау үшiн барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Күрделi асулардан ағысқа қарсы өткенде нақтылы жағдайға қарап, құрамның жылдамдығын азайтып, жағдайды сақтап қалу үшiн қажеттi шараларды жүзеге асыру қажет. Қалқымалы белгiнi бұзған немесе қалқымалы және жаға белгiсiнiң бұзылғандығын байқаған кеме жүргiзушi бұл туралы Кәсiпорынға хабарлап, вахта журналына жазуға мiндеттi.
Тармақ 19
19. Шалқар көлi мен Каспий теңiзiнiң солтүстiк жағалау бөлiгiнде пайдаланатын кемелерде жүк шайқалыс кезiнде кеменiң орнықтылығы қамтамасыз етiлетiндей болып орнатылуы қажет. Люктар, иллюминаторлар және басқа саңылаудың барлығы да су өтпес үшiн жабылуы қажет.
Тармақ 20
20. Кемелердiң жүрiс жолында өткiзiлетiн спорт шаралары /сайыстар, туристiк жорықтар және басқалар/ Басқармамен алдын-ала келiсiлу қажет.
Тармақ 21
21. Айлақтарды, рейдтердi және насостық станцияларды орнату жерлерi Басқармамен келiсiлу қажет.
Тармақ 22
22. Басқарма маманы қауiпсiз жүзуге жарамсыз деп тапқан кемеге анықталған кемшiлiктердi жойғанша, рейске шығуға тыйым салынады.
Тармақ 23
23. Орал өзенiнiң кеме жүретiн жолдарында: - Шалқар көлiнде кеменi бiр бүйiрлеп айдауға, - кемелердi иiрiмде бақылаусыз қалдыруға, - айлақтарға, дебаркадерларға және олардың арасындағы интервалдарға жақындауға, кемелерге және шағын кемелердiң құрамаларына тiркелуге тыйым салынады.
Тарау 3. 3-тарау. Орал өзенiндегi кемелердiң қозғалысы және тұрағы.
3-тарау. Орал өзенiндегi кемелердiң қозғалысы және тұрағы.
Тармақ 24
24. Орал өзенiмен кемелердi және кеме құрамаларын жүргiзушiлер мiндеттi: - кемелердi иiрiм учаскелерiнiң қауiпсiз жерлерiнде айыруға және озып өтуге, бұл жағдайда кемелердiң /бүйiрлерi/ арасындағы қашықтық кем дегенде 25 метр болуы қажет; - навигацияның су тартылған кезеңiнде кемелердi айыруға және озып өтуге тыйым салынады; - жоғарыға жүзiп бара жатқан кеме асудан төмен қауiпсiз жерде тоқтап, төмен қарай жүзiп бара жатқан кеменi өткiзуге; - кеменiң корпусы топыраққа тиген жағдайда шұғыл түрде трюмдарда сыртқы судың бар-жоғын тексерiп, бұл жағдай жөнiнде вахта журналына жазуға.
Тармақ 25
25. Қиын учаскелер өткенде кеме жүргiзушiлер мiндеттi: - жағдайды дұрыс бағалауда қиындықтар туындаған жағдайда /басқа кемелердiң iс-әрекетi түсiнiксiз, белгi бермеу немесе қате белгi беру, бағыт-бағдардан айырылу, навигация құралдары белгiлерiнiң жоқтығы немесе бұзылғандығы және басқалар/ өзара iс-әрекеттерi жөнiнде келiскенше немесе жағдай анықталғанша жүрiстi бәсеңдетуге немесе жүрiстi тоқтауға; - кем дегенде екi рет басқа кемелерге өзiнiң нақтылы тұрған жерi, қозғалыс бағыты, құрамдағы кемелер саны және айырылу мен қозғалыс қауiпсiздiгi үшiн қажеттi басқа мәлiметтердi беру; - түнгi уақытта кеменiң жүрiсi бойынша өзеннiң бұрылысына прожектордың жарығын түсiрiп өту.
Тармақ 26
26. Бөгеттерге кiргенде және олардан шыққанда өзi жүретiн кемелер тар жерге кiргенде беретiн дыбыс белгiсiн беруге мiндеттi.
Тармақ 27
27. Орал өзенiндегi судың көкжиегi жобалық деңгейден төмендеген, асулардың терендiгi кепiлдi терендiктен төмендеген жағдайда, кемелер мен құрамалардың қозғалысы Басқарма өкiлдерiмен келiсiлген тиiстi шаралар қабылданған соң кеменiң жүрiс жолының көлемiнiң жағдайына байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Орал өзенiнiң қиын учаскiлерiнде: Вертячий яр, Жилимная, прорва, Джира, Мелкий яр, Сахарная воложка, Н. Калмыковский, Киргизский, құраманы вахтаға байланыссыз капитанның өзi жеке өткiзуге мiндеттi.
Тармақ 29
29. Лимиттiк асуларда барлық жобадағы кемелердi айыруға және озып өтуге тыйым салынады. Кемелердiң бұрылатын, жерлерi, көрсетiлген асулардың кеме жолына шыққан кемелердi өткiзiп жiберу үшiн тоқтап, күтiп тұратын жерлер лоцмандық картада белгiленуi тиiс.
Тармақ 30
30. Құрамалар темiр жол және автомобиль көпiрлерiнiң астынан және су тартылған кезеңде табалдырықтардан өткенде құраманың қозғалыс кезiндегi енi 30 метрден аспау қажет.
Тармақ 31
31. Тұрған немесе кеме жүрiсi артынан жұмыс iстеп келе жатырған жер снарядтары кеме қозғалысына кедергi туғызбайтын болса күндiз мачтаға диаметрi 30 метр қара шар көтеруге мiндеттi; шар кеме құрал-жабдығының бәрiнен биiк болып, алыстан жақсы көрiнiп тұруы қажет; түнде айналма ақ от қосылу қажет. Бұл сигналдар жер снарядының қасынан рұқсат сұрамай өте беруге болатындығы туралы хабарлайды.
Тармақ 32
32. Жер снарядына жақындаған кемелер өзеннiң бұрылысынан бiрiн-бiрi көрмейтiн болса, жер снарядының вахтасы ӨҚТ байланыс бойынша жоғарыға қарай жүзiп бара жатқан кемеге төменге жүзiп бара жатқан кеме өтуге құқылы екендiгi жөнiнде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 33
33. Кеме жүрiсi бойынша жұмыс iстеп тұрған жер снарядтарында кемелердi өткiзген кезде сигналдық оттардан басқа палуба оттарының барлығы да сөндiрiлуге тиiс.
Тармақ 34
34. Жер снаряды жанымен кемелер өтiп жатқан кезде жер снарядының бүйiрiне кеме жүрiсiнiң жолым жағынан шаландаларға және жүк таситын қайықтарға жақындауға тыйым салынады.
Тармақ 35
35. Жолаушы тасымалдайтын кемелердi қауiпсiз өткiзiп жiберу үшiн жер снарядының рубкасында олардың қозғалыс кестесi болуы қажет, онда көрсетiлген кемелердiң асуға жақындайтын уақыты түзетiлiп тұруы қажет.
Тармақ 36
36. Қалқымалы көпiрлерден кемелер көпiрдi меншiктенушi Басқармамен келiскен кесте бойынша өткiзiледi.
Тармақ 37
37. Iшкi су жолдарындағы көпiрлердi, бөгеттердi және басқа да құрылымдарды меншiктенушi-шаруашылық жүргiзушi субъект өз есебiнен навигациялық қоршауларды /қозғалмайтын және қалқымалы белгiлер/ және гидротехникалық құрылымдар ауданынан кемелердiң қауiпсiз өтуiн қамтамасыз етсiн. Құрылымдардың ауданындағы су түбiн тазалау және тереңдету, қалқымалы көпiрлердi кеме өту үшiн айыру жұмыстары Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарымен жүзу ережелерiне /кемелердi меншiктенушiлерден ешбiр ақы алмастан/ және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк су жолдары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Өзi жүретiн кеме вахтасының бастығы әр күн сайын вахта журналына: - кеменiң жүрiп келе жатқандығына немесе тоқтап тұрғандығына қарамастан, кеменiң сигналдық оттарының жағылып, өшiрiлгендiгi туралы; - өз кемесiнiң жүк тиейтiн және басқа трюмдарындағы, құрамалардағы, тiркiме баржаларындағы су деңгейiн өлшеу нәтижелерi туралы; - дистанциялық автоматтық басқару және тұтқа құрылымдарының жағдайы туралы; жазып тұруға мiндеттi.
Тармақ 39
39. Өзен арнасынан құм және қиыршық тас өндiру карьерлерiнiң орындары жөнiнде Басқармамен және Кәсiпорынмен алдын ала келiсу қажет.
Тармақ 40
40. Кемелер мен құрамалар Орал өзенiмен жүзiгенде тыйым салынады: - жебелерiн "жорықтық" түрде жинамай көпiрлердiң, ауа өткелдерiнiң астымен өтуге; - буксирдегi объектiнiң құрылымы жүрiс рубкасы алдындағы әдiсiмен буксирлеуге; - жүрiс рубкасынан қарағанда көзбен көрерлiк аумақ жабық болған жағдайда, өзi жүрмейтiн кеме мен жалғызiлiктi кемелердi итеру әдiсiмен буксирлеуге; - алдынан кезiккен кемелердiң тұтқа рубкасына прожектор сәулесiн түсiруге; - тұтқа рубкасында немесе капитан мiнбесiнде кеме жүргiзу мәселелерi бойынша кеме жұмысын тексерiп жүрген қызметкерлерден өзгелерге, вахтаға қатысы жоқ тұлғаларға болуға; - жолаушы тасымалдау кемелерiнiң бастықтарына кеменi басқару үшiн штурвалды кеменiң тұтқа моторисiне беруге.
Тарау 4. 4-тарау. Паром өткелдерi.
4-тарау. Паром өткелдерi.
Тармақ 41
41. Өзеннiң кеме жүретiн учаскелерiндегi паром өткелдерiнiң орындарын Кәсiпорын Басқармамен келiсе отырып, белгiлейдi.
Тармақ 42
42. Паромдар мен қайықтар құтқару және өртке қарсы құралдарымен жабдықталуы және екi бүйiрiнде де құтқару леерлерi болуы тиiс.
Тармақ 43
43. Паромдар бiлiктi мамандардың толық штатымен және апатсыз жұмысқа қажеттi барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етелуi қажет.
Тармақ 44
44. Паромшы қызметiне кеме /паром/ басқаруға құқық беретiн дипломы /куәлiгi/ бар тұлғалар тағайындалады. Барлық өзi жүретiн және өзi жүрмейтiн, мотокатерлердiң көмегiмен жұмыс iстейтiн паромдар жанынан өтiп бара жатырған кемелердiң барлығына жол берiп айырылысу /өткiзу/ белгiсiн бередi.
Тармақ 45
45. Кемелер паромдардың жанынан жүрiсiн бәсеңдетiп өтедi.
Тарау 5. 5-тарау. Кемелердiң тұрағы.
5-тарау. Кемелердiң тұрағы.
Тармақ 46
46. Барлық айлақтар мен тұрақ пунктiлерiнде әр кемеге шаққанда кем дегенде екi тоқтату құралдары болуы қажет.
Тармақ 47
47. Жаңадан ұйымдастырылған айлақтардың барлығы да кәсiпорын қызметiнiң қызметкерлерi өлшеу жұмыстарын өткiзiп, Басқармамен келiсiлген соң кемелер үшiн ашылуы мүмкiн.
Тармақ 48
48. Орал өзенi алабындағы кемежайларында мұнай құю кемелерi мен бункер кемелерiнiң тұрағы Басқармамен және өрт күзетiмен келiсiлген жерлерде рұқсат етiледi.
Тармақ 49
49. Кемелерге отын және жағар-май тиеу жұмыстары арнайы айлақтарда жүзеге асырылады. Мұнай құю айлақтары мен кемелерiне сақтық шараларын сақтай отырып, бiр кемеге ғана жақындау рұқсат етiледi.
Тармақ 50
50. Айлақтарда тұрған кемелердiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi айлақты меншiктенушi мекемелердiң басшыларына жүктеледi.
Тармақ 51
51. Кемелер айлақта тұрғанда кеуiп қалмас үшiн капитандар мен шкиперлер су деңгейiн бақылауды қамтамасыз етуi қажет.
Тармақ 52
52. Айлақтардағы, кемелердегi және басқа жүзу құралдарындағы қуатты жарық көздерi, сигнал оттарынан өзгесi, жарықты төменге қарай бағыттайтын қалқандармен қоршалуы тиiс.
Тармақ 53
53. Орал өзенiнiң барлық айлақтарында өзi жүретiн кемелерге екi тығынмен, өзi жүрмейтiн кемелерге бiр тығынмен тұру рұқсат етiледi.
Тармақ 54
54. Шалқар көлiндегi кемелердiң тұрағының қауiпсiздiгiне капитан жауапты, ол кеменi жел бағыты өзгергенде басқа кемелерге құламайтындай болып тұруын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 55
55. Мекемелер мен жеке тұлғалардың катерлерi, моторлы және ескектi қайықтары Басқарма Кәсiпорынмен келiсiп, бекiткен жерлерде қойылады.
Тарау 6. 6-тарау. Кемелердi қысқы тұраққа және жөндеуге бөгеттерге қою тәртiбi.
6-тарау. Кемелердi қысқы тұраққа және жөндеуге бөгеттерге қою тәртiбi.
Тармақ 56
56. Кеменi тұраққа қою барысында және тұрақта тұрған кезде меншiктенушi кем дегенде тоқсанына бiр рет тұрақтың қауiпсiздiгiн тексеру үшiн Басқармаға ұсынып тұруы қажет.
Тармақ 57
57. Кемелердi меншiктенушiлер тексеру барысында анықталған кемшiлiктердi дереу жоюға мiндеттi.
Тармақ 58
58. Орал өзенi алабындағы бөгеттерде кемелер қысқы тұраққа Кәсiпорын басшысы бекiтiп, Транспорт бақылау комитетiнiң басқармасымен келiсiлген алдын-ала дайындалған жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 59
59. Бөгеттерде кемелер түрiне байланысты бiр бағытта қойылады. Бiр түрдегi кемелердiң бiрнеше бағыты кеме топтарын құрайды.
Тармақ 60
60. Барлық түрдегi кемелердiң топтары, бағыттары және бүйiрлерi арасындағы өрт қауiпсiздiгi қашықтығы кем дегенде: - бiр палубалы жолаушы тасымалдау кемелерiнiң, дебаркадерлердiң және брандвахталардың бағыттары арасында - 20 метр; - техникалық флот кемелерiнiң бағыттары аралығында 15 м; - металл баржалар мен понтондардың аралығында 5 м; Бүйiр арасындағы өрт қауiпсiздiгi аумағының кеңдiгi тоқтату брустарынан есептегенде кем дегенде 3 метр болуы қажет.
Тармақ 61
61. Түрлi түрдегi кемелердiң бағыттары арасындағы қашықтық шектес бағыттардың кемелерi үшін белгiленген ең үлкен қашықтықтан бастап белгiленедi.
Тармақ 62
62. Алапта арнайы бөгеттер болмаған жағдайда мұнай құйылатын кемелер жалпы бөгеттерге қойылуы ықтимал, бұл жағдайда олар бөгетке соңғы кiргiзiлiп, бiрiншi болып шығырылады. Мұнай өнімдерi құйылған кемелер бөгетке қойылмас бұрын тазаланып, газы шығарылуы тиiс /буландыру арқылы/. Жалпы бөгеттерге мұнай құю кемелерi соңғы бағытта /бөгеттiң басынан санағанда/ қойылады.
Тармақ 63
63. Бiрiншi және екiншiсынын мұнай құю кемелерiнiң ара қашықты кем дегенде 30 метр, 3 және 4-ші мұнай құю кемелерiнiң арақашықтығы кем дегенде 20 метр болуы қажет. 1 және 2-сының мұнай құю кемелерi топтарының ара қашықтығы кем дегенде 60 метр, 3 және 4-сының мұнай құю кемелерi топтарының ара қашықты кем дегенде 30 метр болуы қажет. Бiр бағытта 1, 2, 3 және 4-сының мұнай құю кемелерiн қоюға мәжбүр болған жағдайда бағыттардың ара қашықтығы 1 және 2-сының мұнай құю кемелерi үшiн белгiленген нормаларға сай белгiленедi. Бағыттардың саны үштен /бiр топ/ аспауы қажет, ал бiр бағыттағы кеме саны төрттен аспауы қажет.
Тармақ 64
64. Бiр бығытта жөндеудi талап ететiн және жөндеу қажет емес мұнай кемелерiн қоюға тыйым салынады.
Тарау 7. 7-тарау. Кеме меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi.
7-тарау. Кеме меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi.
Тармақ 65
65. Флоттың тұрағының қауiпсiздiгi үшiн Қазақстан Республикасының өзен транспортын техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес кемелердiң меншiктенушiлерi жауапты.
Тармақ 66
66. Басқармалардың өкiлдерi заңдылықтардың орындалуын ұдайы тексерiп тұруға және оларды бұзған кеме меншiктенушiлерiне қолданылып жүрген заңдылықтарға сай шара алуға мiндеттi. ЕСКЕРТУ: Басқармалар қызмет көрсететiн учаскелердiң шекараларын Комитет белгiлейдi.