Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования сельсхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Қаулы · № 133 · қабылданған 12.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66307/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования сельсхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства Күшін жойған Қаулы ·№ 133 ·12.06.2012
01.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования сельсхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 133 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования сельсхозтоваропроизводителей из средств областного бюджета на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
Атауы (қаз.)
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
133
Қабылданған күні
12.06.2012
Көрсетілген редакция
01.02.2013 66307_153318.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12M0002136
ЭКБ идентификаторы
66307
Редакция идентификаторы
66307_153318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:03

0 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар бекітілсін:

1 1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;

2 2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері;

3 3) осы қаулының 3 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері.

2 2. Субсидия берілу мерзімі – 2012 жыл, қаржыландыру көзі – Маңғыстау облысының ағымдағы қаржы жылының бюджеті болып анықталсын.

3 3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Т. Қалжанұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А.С. Мамытбеков
12 маусым 2012 ж.
Маңғыстау облысының қаржы
басқармасының бастығы
___________ Әлібекова М.Б.
12 маусым 2012 ж.
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
___________ Илмұханбетова Ш.Л.
12 маусым 2012 ж.

9 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
1-қосымша
Субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

р/б
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған бюджеттік субсидияның нормалары, теңге
1.
Көкөніс және бақша дақылдары
9 000
2
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары
36 000
3
Өнеркәсіп үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)
1 300 000
4
Жеңілдетілген үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)
300 000
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған іс-шаралардың қаражат көлемі 22 515 000 теңге құрайды (жиырма екі миллион бес жүз он бес мың теңге).

10 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
2-қосымша
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері

р/б
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлі гі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4)
тонна
50
28 900
2
Аммофос (N-10: P2О5-46)
тонна
50
45 000

11 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
3-қосымша
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден
сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері

р/б
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
1
Нитроаммофоска (N-15: P-15: K-15)
тонна
50
46 500
2
Супрефос (N-12: P-24) (Ca: Mg: S)
тонна
50
30 000
3
Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ)
килограмм
50
264
4
Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO+TE)
килограмм
50
234
5
Новалон (N-03: P-07: K-37+2MgO+TE)
килограмм
50
228
6
Нутрифлекс (N-15: P-8: K-25)
килограмм
50
204
7
Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы)
тонна
10
16 400
8
Калий нитраты
тонна
10
26 000
9
Магний сульфаты
тонна
10
17 200
Тыңайтқыштардың (органикалық қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндіршілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған іс-шараларға қажетті қаражаттың көлемі 13 314 000 (он үш миллион үш жүз он төрт мың теңге).

Қолданыстағы