Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной социальной помощи

Қаулы · № 114 · қабылданған 13.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66313/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании единовременной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 114 ·13.06.2012
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 114 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114
Қабылданған күні
13.06.2012
Көрсетілген редакция
25.02.2013 66313_158513.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TE000164
ЭКБ идентификаторы
66313
Редакция идентификаторы
66313_158513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:02

0 Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № ХХХІV-2 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

2 2) ұрыс-қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер және әскери қызметшілерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

3 3) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі радиациялық апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

4 4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

5 5) Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

6 6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.

2 2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Әжіғалиев) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Қолданыстағы