Об установлении ветеринарного режима в Шугылбайском сельском округе Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима в Шугылбайском сельском округе Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданының Шұғылбай селолық округінде ветеринарлық тәртібін орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 204
- Қабылданған күні
- 31.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2012 AI66315_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VO000108
- ЭКБ идентификаторы
- 66315
- Редакция идентификаторы
- AI66315_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:08
0 Көкпекті ауданының Шұғылбай селолық округінде ветеринарлық тәртібін орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының Шұғылбай селолық округінде мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу қойылған шаралар орнатумен ветеринарлық тәртіп орнатылсын.
2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясына (Мұқашев С.Н.), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова), аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне (Теміржанов М.Қ.) шектеу қойылған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен міндетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді ұсынылсын.
4
4. Шұғылбай селолық округінің әкімінің міндетін атқарушысына (Назарханова А.Ү.) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалық актілерімен белгіленген ережелерді сақтай отырып, тәртіп орнатылған аумаққа ауыл шаруашылық малдарын аумаққа кіргізу және аумақтан шығаруды, мал өнімдерінің шикізатынан дайындалған өнімдерді дайындау мен сатуды, еңбекті ұйымдастыру мен басқа да әкімшілік–шаруашылық шараларды жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
5 5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің Көкпекті
аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы
С. Мұқашев
«31» мамыр 2012 жыл
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО
бойынша Департаментінің
Көкпекті ауданы бойынша
МСЭҚ басқармасының бастығы
Г. Абдрасулова
«31» мамыр 2012 жыл