Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории Энтузиастского сельского округа

Қаулы · № 13/01 · қабылданған 26.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66338/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории Энтузиастского сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 ·26.06.2012
26.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории Энтузиастского сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории Энтузиастского сельского округа
Атауы (қаз.)
Энтузиаст селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/01
Қабылданған күні
26.06.2012
Көрсетілген редакция
26.06.2012 AI66338_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KN000176
ЭКБ идентификаторы
66338
Редакция идентификаторы
AI66338_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:56

0 Энтузиаст селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" N 407 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара және ұсақ малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Нұра ауданы Энтузиаст селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" N 407 қаулысымен көзделген талаптарына сәйкес ірі қара және ұсақ мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдансын.

3

3. Нұра ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі (О. Қантарбай) жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығына жету мақсатында Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында көрсетілген қажет ветеринариялық-санитариялық шараларды өткізсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Алшымбаев Ансари Нагаманұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Досбол Боташұлы Бекмағанбетовке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Нұра аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А.Н. Алшымбаев _____________
2012 жыл 26 маусым

Қолданыстағы