Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной единовременной материальной помощи

Қаулы · № 217 · қабылданған 19.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66358/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании дополнительной единовременной материальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 217 ·19.06.2012
09.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной единовременной материальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 217 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
217
Қабылданған күні
19.06.2012
Көрсетілген редакция
09.07.2012 66358_202555.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LF000214
ЭКБ идентификаторы
66358
Редакция идентификаторы
66358_202555
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:59

0 Қосымша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 51-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі N 5-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 3 мамырда N 10-6-210 болып тіркелген) сәйкес қосымша бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға қосымша 19 978 (он тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс сегіз) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына) 2012 жылғы 31 шілдесіне дейін төленсін.

2 2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Ибраева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

И. Болысбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы