О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан "О государственных символах Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан "О государственных символах Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23-V
- Қабылданған күні
- 28.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2012 AI66376_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1200000023
- ЭКБ идентификаторы
- 66376
- Редакция идентификаторы
- AI66376_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:54
0 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1 1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін
дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан
Республикасының заңнамасы»;
мәтіндегі «орналастыру» деген сөз «дайындау» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.»;
4) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) нотариустардың мөрлерiнде;»;
5) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;»;
6) 10-баптың 4) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
7) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».