Об утверждении Правил посещения общественной наблюдательной комиссией специальных учреждений органов внутренних дел
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил посещения общественной наблюдательной комиссией специальных учреждений органов внутренних дел
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 22.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 66397_652425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007743
- ЭКБ идентификаторы
- 66397
- Редакция идентификаторы
- 66397_652425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:12
0 Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасын бекіту туралы
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 312 бұйрығымен
бекітілген
Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасы
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қоғамдық бақылау комиссиялары мүшелерінің ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) уақытша ұстау изоляторына, қабылдау-тарату орнына және әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнайы қабылдау орнына бару тәртібін айқындайды.
2 2. Қоғамдық бақылау комиссиялары (бұдан әрі - ҚБК) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 8-тарауына сәйкес құрылады.
2 2-тарау. ҚБК арнаулы мекемелерге бару тәртібі
3 3. Арнаулы мекемелерге ҚБК баруы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1 1) ҚБК арнаулы мекемелер қарамағына жататын Полиция департаментіне (бұдан әрі – ПД) дербес құрамы бекітілген және төрағасы сайланған ҚБК отырысының хаттамалық шешімін (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды;
2 2) Хаттаманы алғаннан кейін ПД бастығы ІІО немесе арнаулы мекемелердің бастықтарына ҚБК кемінде екі мүшесінің құрамында осы Қағидаларда айқындалатын тәртіпте арнайы мекемелерге кедергісіз баруға құқық беретін Хаттаманың көшірмесін жолдайды;
3
3) арнаулы мекемеге барған кезде ҚБК мүшелері жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетеді, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚБК келуін есепке алу журналына тіркеле отырып, берілген тізімге сәйкес салыстыра тексеруден өтеді. Содан кейін ІІО-ның жедел кезекшісі немесе арнаулы мекеменің кезекшісі тез арада бастыққа немесе оны ауыстыратын адамға баяндайды;
4 4) арнаулы мекемелерге баратын адамдар төменде көрсетілген тыйым салынған заттарды өткізгені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі:
қару, шаншып-кесетін заттар, жарылғыш, улы, уландыратын, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі және психотроптық заттар;
бейне-, кино- және фотоаппаратура, жазатын құрылғы, көзбен бақылау құралдары, есептеуіш техникасы, радиотехникалық және қосалқы мақсаттағы басқа да аппаратура;
ұялы байланыс құралдары мен Sim-карталар;
5 5) ҚБК мүшелерінің арнаулы мекемеге баруы олардың жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ІІО лауазымды адамдарының ілесіп жүруі арқылы жүзеге асырылады;
6
6) арнаулы мекеме қызметкерлерінің көруіне және естуіне мүмкіндік беретін жағдайларда ҚБК мүшелері арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесе алады, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар қабылдай алады, арнаулы мекеме әкімшілігіне немесе прокуратура органдарына өтініштермен жүгіне алады;
7
7) егер ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнамасы мен жедел–іздестіру қызметіне қайшы келмесе және осы мекемелердің ішкі тәртіп ережелерін бұзбаса, аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып, ҚБК мүшелері кино-, фото- және бейнетүсірілімді, оның ішінде сұхбат алуды:
арнайы қабылдау орындарында және қабылдап-тарату орындарында ұсталатын адамдардан – ІІБ басшылығының рұқсатымен және адамның өзінің жазбаша келісімімен;
қылмыс жасауда күдікті және айыпталушы адамдардан – ІІО басшылығының немесе қылмыстық іс өндірісін жүргізетін органның және адамның өзінің жазбаша келісімімен жүзеге асыра алады;
8
8) өз өкілеттіктерін орындау кезінде ҚБК мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтай отырып, арнаулы мекемелер қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға тиіс, оларға арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметіне және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің өндірісіне араласуға рұқсат етілмейді;
9 9) арнаулы мекемелерге бару түскі үзіліс (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) уақытын қоспағанда, тек жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде ҚБК мүшелерінің арнаулы мекемелерге баруына рұқсат етілмейді.
1 ҚБК келуін есепке алу журналы
Қоғамдық бақылау
комиссияларының ішкі істер
органдарының арнаулы
мекемелеріне бару
қағидасына 1-қосымша
ҚБК келуін есепке алу журналы
№ р/с
Келушінің Т.А.Ә.
Жеке куәліктің нөмірі
Келуші қайда барады
Келушінің келген уақыты
Ілесіп жүрген қызметкердің Т.А.Ә.
Кеткен уақыты