Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций
- Атауы (қаз.)
- Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 01.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2015 AI66399_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007759
- ЭКБ идентификаторы
- 66399
- Редакция идентификаторы
- AI66399_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:08
0 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Инвестиция комитетi төрағасының 2005 жылғы 5 маусымдағы № 38-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3708 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 179 (913) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.
6 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2012 жылғы
1 маусымдағы № 183 бұйрығымен
бекітілген
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары