Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций

Бұйрық · № 184 · қабылданған 01.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66400/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций Күшін жойған Бұйрық ·№ 184 ·01.06.2012
30.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 184 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций
Атауы (қаз.)
Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
01.06.2012
Көрсетілген редакция
30.11.2015 AI66400_8.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007760
ЭКБ идентификаторы
66400
Редакция идентификаторы
AI66400_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 26.07.2013 № 229 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар.

2 2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Нысан
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

2 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген 2-қосымша
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

1 1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарды айқындайды.

2 2. Бизнес-жоспар келесі тараулардан тұрады:

1 1) Инвестордың қысқаша сипаттамасы;

2 2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;

3 3) техникалық бөлім;

4 4) коммерциялық бөлім;

5 5) ұйымдық бөлім;

6 6) әлеуметтік бөлім;

7 7) қаржылық бөлім;

8 8) экологиялық бөлім;

9 9) экономикалық бөлім;

10 10) алынып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.08.18 № 2 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3. Инвестордың қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне енгізеді:

1 1) заңды тұлғаның атауы;

2 2) заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, аты-жөні – болған кезде);

3 3) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы;

4 4)заңды тұлғаның қызметінің негiзгi бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, көрсетiлген салада инвестициялық Келiсiмшарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есеп беру кезеңі үшiн кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқаша есебін.

4 4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне қамтиды:

1 1) инвестициялық жобаның атауы;

2 2) инвестициялық жобаның негізгі мақсаттары;

3 3) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары;

4 4) инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);

5 5) қысқаша мазмұны:

шығаруға ұсынылатын өнім, болуы мүмкін түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы;
болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту);
басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесінің болуы:
инвестициялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың (спецификацияның) болуы;
техникалық-экономикалық негіздеме;
жобалық-сметалық құжаттама;
құрылыс-монтаж жұмыстары және жабдықты жеткізуге шарттар мен келісімшарттар;
жер теліміне құқықтарды растайтын құжаттар;
ғимараттарды, имараттарды жалдау шарттары мен басқа да құжаттар;
жоба бойынша іске асыру және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткізу нарығы және шикізат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктер, технологиялық процестердің экологиялық тазалығына талаптардың болуы;

6 6) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

меншік қаражаты;
қарыз қаражаттары (кредиттер немесе шаруашылық субъектілерінің қаражатын тарту) және/немесе грант;

7 7) инвестицияларды жүзеге асыру сәтінен бастап жобаны іске асыру мерзімі.

5 5. Техникалық бөлім мыналарды өзіне кірістіреді:

1 1) инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;

2 2) технологиялық шешімді қабылдаудың негіздемесі, атап айтқанда инвестициялық жобаның тұрған жері мен көлемін (ауқымы) таңдаудың негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасқан жердің қолайлылығы):

бірге болатын инфрақұрылым және көліктік мүмкіндіктер;
қолданыстағы үй-жайларды пайдалану мүмкіндігі немесе қайта салу;
инвестициялық жоба бойынша тауарларды (қызметтерді көрсетулерін) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.
Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешімдерді (ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып ұқсастармен салыстыра ұсынылған тауар өндірісі, қызмет көрсетуге арналған техникалық деңгейі және құны) салыстырмалы талдау.
Шикізаттық ресурстарды пайдаланудың ұтымдық дәрежесі:
шикізатты қайта өңдеу дәрежесі;
өндірістің қайталанбалылығы (қалдықтарды қайта өңдеу);
жергілікті шикізатты пайдалану;
Талаптарға 1-қосымшада көрсетілген жобаны іске асыру кестесі.

6 6. Коммерциялық бөлiм мыналарды өзіне енгізеді:

1 1) шикізат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткізілімдері:

шикізат және материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау:
пайдаланатын шикізат түрлерінің тізбесі;
көліктік шығыстарды есепке алғандағы бағаның қол жетімділігі және деңгейі;
қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, жоба бойынша қызмет түрі шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материал шығыстарының нормасы;
шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты);
жабдықты/өндірушілерді жеткізушілерді таңдау:
қажетті жабдықтардың тізбесі және оған негізгі техникалық талаптар;
жабдық пен технологияның әлемдік және жергілікті нарықтағы жаңалығы;
көліктік шығыстар, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке алғандағы жабдықтардың құны;
жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздері;

2 2) маркетинг:

Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімдік көрсеткіштер;
қолданыстағы шектеулерді (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып өткізу нарығын болжау: ішкі және сыртқы нарықтағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақытта оны қанағаттандыру деңгейі:
өткізім арналары - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізілім болжанатыны көрсетілсін; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердің орын алуы, болашақтағы олардың өндірісін бағалау, соңғы бірнеше жыл ішінде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерінде нарықты болжау;
өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар; тауарлардың жеткізіліміне келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшірмелері;
тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейін болжамды бағалау;
коммерциялық тәуекел факторлары мен негізгі маркетингтік іс-шаралар.
Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруіне әсер етуді бағалау.

7 7. Ұйымдастыру бөлiмi мыналарды өзіне енгізеді:

1 1) тартылатын ұйымдар:

жобаны құрушы;
жабдықты өндiрушiлер;
жабдықты жеткiзушiлер;
қаржыланатын ұйым;
делдалдар;

2 2) жобаны iске асыру процесiнде қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу;

3 3) ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/қызметтердің менеджментi мен сапасын бақылау жүйелері.

8 8. Әлеуметтік бөлім мынаны қамтиды:

1 1) Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

2 2) Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, саны (инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырған кезде);

3 3) Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы.

9 9. Қаржы бөлiмi мыналарды өзіне енгізеді:

1 1) инвестицияларды бағалау:

толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);
жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгi, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, түсiмнiң болжамды қолданылуы шағылыстыратын);

2 2) тәуекелдердi бағалау:

тәуекелдердiң түрлерi;
тәуекелдiң деңгейi (дисконт мөлшерлемесі);

3 3) қаржылық талдау:

жобаның қаржылық үлгісі инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, үлгілерді есептеу енгізіледі;
жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі таза дисконттық табысы (МРV);
жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);
жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);
жоба өмірінің әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдігі);
түрлер бойынша бюджетке төленетін салықтар, кеден баждары мен төлемдері;
төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебі анықталсын.
Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

10 10. Экологиялық бөлiмжоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгiн өзіне енгізеді.

11 11. Экономикалық бөлiм мыналарды өзіне енгізеді:

Жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне:
халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiктік емес тауарларын шығаруды ұлғайту;
импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);
экспортты ұлғайту;
жаңа жұмыс орындарын құру;
халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;
озық технологияларды игеру, "ноу-хау";
жобаны iске асырудан мультипликатор тиiмдiлiгi;
сапаның халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес өндiрiстi ұйымдастыру.

12 12. Алынып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.08.18 № 2 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13 13. Бизнес-жоспар мәтіні Times new Roman қаріпінде 14 кегелде басылуды (бірақ сұлба, сызба, кесте, нобайларды жасауда кемінде 10 болуы), қағаз тасығышта тапсырылуы тиіс, бизнес-жоспардың әрбір басылып шыққан парағының шетінде мынадай өлшемдер болады:

сол жағы – 2,5 сантиметр;
оң жағы – 1,5 сантиметр;
жоғарғы жағы – 2,5 сантиметр;
төменгі жағы – 2,5 сантиметр.
Бизнес-жоспарды рәсімдеуде екінші және келесі беттері нөмірленуі тиіс (беттің реттік нөмірлері бизнес-жоспардың жоғарғы шетінің ортасында араб цифрымен тыныс белгісінсіз қойылады).

2.1 Техникалық және құндық сипаттамасы бойынша балама шешiмдердi (ұқсастармен салыстыруда тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрiс үшiн ұсынылатын техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау

Инвестициялық жобаның немесе
инвестициялық стратегиялық
жобаның бизнес-жоспарын жасау
бойынша Талаптарға 1-қосымша
Нысан
Техникалық және құндық сипаттамасы бойынша балама шешiмдердi (ұқсастармен салыстыруда тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрiс үшiн ұсынылатын техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау
Көр­сет­кi­ш­тер­дiң ата­уы
Көр­сет­кi­ш­тер­дiң мәнi
ұсы­ны­ла­тын үл­гi
ұқса­стық­тар
1.
2.
Жобаны iске асыру кестесi
Жұ­мыстар­дың ата­уы
Күн­тіз­бе­лік жыл
Күн­тіз­бе­лік жыл
Жиы­ны
1 тоқ сан
2 тоқ сан
3 тоқ сан
4 тоқ сан
1 тоқ сан
2 тоқ сан
3 тоқ сан
4 тоқ сан
Тiр­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар (тең­ге)
1.
2.
3.
Ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар­ға ин­ве­сти­ци­я­лар (тең­ге)
1.
2.
3.
Жо­ба­лық қу­ат­тар­ды иге­ру
Құ­ры­ла­тын және/неме­се сақ­та­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны

2.2 Өндірістік көрсеткіштер

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
Нысан
Өндірістік көрсеткіштер
Өндіріс қуаты ___________
Жыл­дар
Та­у­ар, жұ­мыс, қыз­мет ата­уы
Өнім­нің заттай көр­сет­кіш кө­ле­мі
Өнім­нің құн­дық көр­сет­кіш кө­ле­мі
Кә­сі­по­рын­ның жүк­те­лі­мі, %
Бар­лы­ғы:

2.3 Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны):

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
Нысан
Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны):
Құ­ры­лыс ке­зін­де­гі
Өн­ді­рі­сті пай­да­ла­ну­ға ен­гіз­ген­нен кей­ін (1 жыл)
ҚР аза­мат­та­ры
Ше­тел жұ­мыс кү­ші
ҚР аза­мат­та­ры
Ше­тел жұ­мыс кү­ші

2.4 Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
Нысан
Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны
Ма­манды­ғы­ның ата­уы (та­риф­тік дә­ре­же­сі, са­нат)
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен)
Туы­л­ған кү­ні
Аза­мат­тығы /Тұр­ғы­лық­ты елі
Тар­ты­ла­тын ке­зе­ңі (ай, жыл)
1.Бас­шы­лар:
2.Жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар:
З.Бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар:

2.5 Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
5-қосымша
Нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы
р/с

Ма­ман­дық­тың ата­уы
Бі­лік­ті­лік дә­ре­же­сі (та­риф­тік дә­ре­же­сі, са­нат)
Са­ны

2.6 Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
6-қосымша
Нысан
Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі
Бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер­дің түр­ле­рі
Күн­тіз­бе­лік жыл
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лы­ғы
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
КТС
Мү­лік са­лы­ғы
Жер са­лы­ғы
Ке­ден­дік баж са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Зей­не­та­қы тө­лем­де­рі
т.б.

3 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі нормативтік құқықтық актілердің күшi жойылды деп мойындалатын Тізімі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі нормативтік құқықтық актілердің күшi жойылды деп мойындалатын Тізімі

1

1) «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-б бұйрығы (№ 2222 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 23-24, 850-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-б бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 54-б бұйрығы (№ 4330 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы
№ 151 (1131) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);

3

3) «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы № 83-п бұйрығы (№ 4451 болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген).

Қолданыстағы