Кіру
Құжат мәтініне өту

О наименовании и переименовании улиц Кос-Истекского сельского округа

Өзге акт · № 1 · қабылданған 15.06.2012
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 12.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66423/on/2026-09-12/
Басып шығарылды 2026-09-12 · adilet.kz
О наименовании и переименовании улиц Кос-Истекского сельского округа Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 1 ·15.06.2012
10.11.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
12.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О наименовании и переименовании улиц Кос-Истекского сельского округа

Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 1 · 12.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О наименовании и переименовании улиц Кос-Истекского сельского округа
Атауы (қаз.)
Қос Естек ауылдық округінің көшелерін атау және қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
1
Қабылданған күні
15.06.2012
Көрсетілген редакция
10.11.2020 66423_495152.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CFF00145
ЭКБ идентификаторы
66423
Редакция идентификаторы
66423_495152
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:00

0 Қос Естек ауылдық округінің көшелерін атау және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4)тармақшасына сәйкес, және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қос Естек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қос Естек ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

«Киров» көшесін «Абай» атындағы көшесіне;
«Потемкин» көшесін «С. Вавилов» атындағы көшесіне;
«Октябрьская» көшесін «Д. Қонаев» атындағы көшесіне;
«Нагорная» көшесін «Шали Балниязов» атындағы көшесіне;
«Советская көшесін «Ә. Молдағұлова» атындағы көшесіне;
«Ленина» көшесін «Д. Шампиев» атындағы көшесіне;
«Новая» көшесін «Сабыр Рақымов» атындағы көшесіне;
«Заводская» көшесін «Астана» көшесіне;
«Набережная» көшесін «М. Маметова» атындағы көшесіне;
«Чапаев» көшесін «Бірлік» көшесіне;
«Чкалов» көшесін «М. Әуезов» атындағы көшесіне;
«Фрунзе» көшесін «Қ. Сәтпаев» атындағы көшесіне;
«М.Горького» көшесін «А. Жұбанов» атындағы көшесіне;
«Мира» көшесін «Бейбітшілік» көшесіне;
«Джамбула» көшесін «Жамбыл Жабаев» атындағы көшесіне;

2. Қос Естек ауылының көшесіне

төмендегі атау берілсін:
Әбілқайыр хан көшесі

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қос Естек ауылдық округі әкімінің жетекші маманы А. Ахметоваға жүктелсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы