Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 6-188
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-188
- Қабылданған күні
- 07.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2012 66454_189911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DS000137
- ЭКБ идентификаторы
- 66454
- Редакция идентификаторы
- 66454_189911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:06
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында және жұмыспен қамтамасыз ету үшін Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік құқығына қарамастан Ұйғыр ауданының ұйымдары мен мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Турсунжан Турдыбакиев
07 маусым 2012 жыл