Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Илийскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Илийскому району
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-553
- Қабылданған күні
- 15.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2012 AI66455_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DJ000164
- ЭКБ идентификаторы
- 66455
- Редакция идентификаторы
- AI66455_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:00
0 Іле ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Іле ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерде жұмыс орындарынан квота белгіленсін.
2
2. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және "Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Тлеубердин Болат Дүйсенұлы) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасарына Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Іле аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
мемлекеттік мекемесінің
бағдарламалар бөлімі" бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
15 маусым 2012 жыл
"Іле аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры Тлеубердин Болат Дүйсенұлы
15 маусым 2012 жыл