Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/322
- Қабылданған күні
- 18.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2014 66474_191827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BL000172
- ЭКБ идентификаторы
- 66474
- Редакция идентификаторы
- 66474_191827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:59
0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарқайың ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/3453 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-69 тіркелген, 2008 жылдың 4 қаңтарында № 1 аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған), «Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 7 желтоқсандағы № А-12/3453 «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына толықтырулар және өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № А-1/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-73 тіркелген, 2008 жылдың 11 қаңтарында № 2 аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.