Об утверждении критериев оценки степени риска в области жилищных отношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев оценки степени риска в области жилищных отношений
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 08.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI66514_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007790
- ЭКБ идентификаторы
- 66514
- Редакция идентификаторы
- AI66514_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:05
0 Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры (В.К. Маслов):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 245 бұйрығымен
бекітілген
Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері
1
1. Тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Өлшемдер тәуекелдің сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын белгілейді, олардың негізінде тұрғын үй қатынастары саласындағы субъектілер тәуекел дәрежелері бойынша жатқызылады.
3 3. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) бақылау субъектісі (субъект) - жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын кондоминиум объектісін басқару органы;
2
2) тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекел - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің техникалық жай-күйін төмендету, олардың элементтерінің мерзімінен бұрын тозу, тұрғын үй қорын пайдалану және күтіп-ұстау талаптары мен нормаларының бұзылуына алып келетін авариялардың пайда болу, кондоминиум объектісінің (тұрғын үйдің) конструкцияларының төзімділігі мен ондағы инженерлік жүйелер жұмысының қауіпсіздігін төмендету ықтималдығы;
3 3) тұрғын үй қатынастары бойынша тәуекелдердің дәрежесін бағалау өлшемдері - тұрғын үй қатынастары саласындағы бақылау субъектінің тікелей қызметімен байланысты, оларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейіннен бөлу жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Бастапқы бөлген кезде бақылау субъектілері тәуекелдердің үш дәрежесіне бөлінеді:
1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне 10 және одан көп кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады;
2 2) орташа тәуекел дәрежесіне 5-10 кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады;
3 3) төмен тәуекел дәрежесіне 1-5 кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады.
6 6. Кейіннен бөлген кезде бұзушылықтың түріне байланысты бақылау субъектілеріне мынадай баллдар беріледі:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері шешім қабылдаған кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізбеу - 10 балл;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасының болмауы - 10 балл;
кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстардың келісілген сметасының болмауы - 10 балл;
сервистік қызмет субъектісін анықтау туралы хаттаманың болмауы - 10 балл;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыратын сервистік қызмет субъектісімен шарттардың болмауы - 10 балл;
кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы растайтын құжаттардың болмауы - 5 балл.