Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Бұйрық · № 139-ОД · қабылданған 19.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66535/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 139-ОД ·19.06.2012
01.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 139-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139-ОД
Қабылданған күні
19.06.2012
Көрсетілген редакция
01.07.2013 AI66535_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007766
ЭКБ идентификаторы
66535
Редакция идентификаторы
AI66535_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:59

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2

2. «Табиғи монополиялар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 44-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 53 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6072 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 17 наурыздағы № 98-99 (25945) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу Экономикалық даму және сауда
агенттігінің төрағасы министрі
_________________ М. Оспанов _______________ Б. Сағынтаев
2012 жылғы 19 маусым 2012 жылғы 25 маусым

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2012 жылғы 19 маусымдағы
№ 139-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 204 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Осы Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдер тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі - Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.

3

3. Заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер - шағын кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар болып табылатын субъектілер жоспарлы тәртіппен тексеруге жатпайды.

4 4. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тексерілетін Субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы танылады және оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріледі.

5 5. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы өлшемдерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің (бұдан әрі - Сапалық көрсеткіштер) негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылық бойынша ол болған жағдайда тиісті балл беріледі.

Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштердің әсеріне тап болған жағдайда, онда балдар қосылады.

7 7. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.

8 8. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін пайдаланылады.

9 9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобына - 31 және одан көп балл;
тәуекелдің орташа дәрежесінің тобына - 11-ден 30-ға дейінгі балды қоса;
тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына - 0-ден 10-ға дейінгі балды қоса жинаған Субъектілер жатады.

10 10. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда осындай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.

11 11. Жоспарлы тексеруден өткен Субъектілер оларды тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерді қайтадан бағалауға жатады.

12 12. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның тексерулерге қатысатын лауазымды тұлғаларының санына сүйене отырып белгіленеді.

13 13. Тәуекелдің бір тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді уәкілетті орган мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:

1 1) тексеру жоспарына неғұрлым көп уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер есепке алынбайды);

2 2) тексеру жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған объектілер енгізіледі;

3 3) егер қаралып отырған Субъектілер санамаланған параметрлер бойынша тең жағдайларда болған жағдайда, тексерулер жоспарына қызметтің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерінен жылдық табыстың неғұрлым көп жиынтық мөлшеріне ие субъект енгізіледі.

0 Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Табиғи монополиялар саласындағы
жеке кәсіпкерлік аясындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне қосымша
Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Та­лап­тар­дың бұ­зы­луы
Бал­дар бе­ру шар­ты
Бал­дар
1
мы­на­лар­ды:
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­мен (та­у­ар­лар­мен, жұ­мыстар­мен) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан бай­ла­ны­сты;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның поч­та ту­ра­лы заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген;
та­би­ғи мо­но­по­лия ая­сы­на жат­қы­зы­л­ған рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ден (та­у­ар­лар­дан, жұ­мыстар­дан) түс­кен кі­рі­стер ры­нок субъ­ек­ті­сі­нің бар­лық қыз­ме­ті­нен күн­тіз­бе­лік бір жыл ішін­де түс­кен кі­рі­стер­дің бір про­цен­ті­нен ас­па­ған жағ­дай­да­ғы;
күн­тіз­бе­лік бір жыл ішін­де өзге қыз­мет­тің кі­рі­сте­рі та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің бар­лық қыз­ме­ті­нің бес про­цен­ті­нен ас­па­ған жағ­дай­да­ғы;
та­би­ғи мо­но­по­лия ая­сын­да қыз­мет­тер көр­се­те­тін (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық және аумақ­тық оқ­ша­у­ла­нуы мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да­ғы қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, қыз­мет­тер көр­се­ту және та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар ая­сы­на жат­пай­тын өзге де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
иә
5
жоқ
0
2
«Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар және рет­те­ле­тін на­рық­тар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі - Заң) сәй­кес мен­шік және (неме­се) ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да өн­дірі­спен және рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­мен, сон­дай-ақ та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі үшін рұқ­сат еті­л­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­мен бай­ла­ны­сы жоқ мү­лік­тің бо­луы
иә
5
жоқ
0
3
мем­ле­кет­тік емес жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­нан, ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­ла­ры­нан, сон­дай-ақ та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі үшін Заң­да рұқ­сат еті­л­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын өзге де ұй­ым­дар­дан бас­қа, ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­рын (қа­ты­су үле­сте­рін) ие­ле­ну неме­се қыз­ме­тіне өзге жол­мен қа­ты­су
иә
10
жоқ
0
4
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар және рет­те­ле­тін на­рық­тар са­ла­ла­рын­да бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті ор­ган (бұ­дан әрі - уәкі­лет­ті ор­ган) бел­гі­ле­ген мөл­шер­ден аса­тын тө­ле­ма­қы­ны алу
иә
10
жоқ
0
5
Заң­да көз­дел­ме­ген қо­сым­ша ақы­ны алу неме­се өзі­нің маз­мұ­ны бой­ын­ша ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мәніне қа­ты­сы жоқ (қар­жы қа­ра­жат­та­рын және өзге де мү­лік­ті, мү­лік­тік құқық­тар­ды және бас­қа­ны бе­ру) қо­сым­ша мін­дет­те­ме­лер­ді та­ңу­дың өзге де ны­сан­да­ры
иә
10
жоқ
0
6
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны, пай­да­ла­ны­ла­тын стра­те­ги­я­лық та­у­ар­лар­дың шы­ғы­ста­рын ұл­ғай­ту, сон­дай-ақ та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­риф­тік сме­та­ның бап­та­рын­да көз­дел­ген қа­ра­жат­ты бес пай­ы­здан астам­ға кө­те­ру
иә
3
жоқ
0
7
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­ріне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) қол жет­кі­зу шар­тта­рын кү­ш­теп та­ну неме­се тұ­ты­ну­шы­лар­ды кем­сі­ту­ге алып ке­ле­тін өзге де іс-әре­кет­тер жа­сау
иә
10
жоқ
0
8
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) өн­дір­ген және (неме­се) ұсын­ған кез­де тех­но­ло­ги­я­лық цик­л­да пай­да­ла­ны­ла­тын же­ке мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­де өзге­ше ти­е­сі­лі мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға, ли­зинг­ті қо­са ал­ған­да, мү­лік­тік жал­да­у­ға (жал­ға бе­ру) бе­ру
иә
10
жоқ
0
9
ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның жо­ба­лық қар­жы­лан­ды­ру және се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша та­лап ету құқық­та­рын бе­ру­ді қо­с­па­ған­да, ұсы­ны­лып отыр­ған рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) бай­ла­ны­сты та­лап ету құқы­ғын бе­ру
иә
5
жоқ
0
10
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) пай­да­лан­ған кө­ле­міне жо­сық­сыз тұ­ты­ну­шы­лар­дың ақы тө­ле­ме­уіне бай­ла­ны­сты адал тұ­ты­ну­шы­лар­ға рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ұсы­ну­дан бас тар­ту
иә
10
жоқ
0
11
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) та­риф­те­ріне (ба­ға­ла­ры­на, алым­дар став­ка­ла­ры­на) неме­се олар­дың шек­ті дең­гей­ле­ріне олар­ды ұсы­ну­ға бай­ла­ны­сы жоқ шы­ғын­дар­ды ен­гі­зу
иә
10
жоқ
0
12
ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да (жо­ба­лар­да) көз­дел­ген қа­ра­жат­ты мақ­сат­сыз пай­да­ла­ну
иә
5
жоқ
0
13
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) са­па­сы­на қой­ы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар өзде­рі­нің құ­зы­ре­ті ше­гін­де бел­гі­ле­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­тін ұсы­ны­л­ған рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ақы тө­ле­уді та­лап ету
иә
5
жоқ
0
14
мы­на­лар­ды: та­риф­тік сме­та­да қам­ты­ла­тын; рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу мен ор­на­ту­ға шы­ғын­дар және ақы өн­ді­ріп алу те­ті­гі, рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу және ор­на­ту ту­ра­лы; ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ком­мер­ци­я­лық құ­пия деп та­ну
иә
5
жоқ
0
15
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) са­па­сы­на қой­ы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар өзде­рі­нің құ­зы­ре­ті­нің ше­гін­де бел­гі­ле­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жал­пы­ға бір­дей қыз­мет көр­се­ту­ді қам­та­ма­сыз ету мін­де­тін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
16
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­риф­тер (ба­ға­лар, алым­дар став­ка­ла­ры) бой­ын­ша ұсы­ну­ды орын­да­мау
иә
10
жоқ
0
17
Заң­да бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, тұ­ты­ну­шы­лар­дан ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін өз кас­са­ла­ры, сон­дай-ақ банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы тө­лем­дер қа­был­да­уды қам­та­ма­сыз ету мін­дет­те­рін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
18
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на тең жағ­дай­лар­ды, оның ішін­де рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қол жет­кі­зу­дің тең жағ­дай­ла­рын ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
19
та­риф­тің (ба­ға­ның, алым став­ка­сы­ның) шек­ті дең­гейі бе­кі­ті­л­ген жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар­ға та­риф­тің (ба­ға­ның, алым став­ка­сы­ның) шек­ті дең­гей­і­нен ас­пай­тын та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым­дар став­ка­ла­ры­ның) бі­рың­ғай дең­гей­ле­рі бой­ын­ша рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
20
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны қо­с­па­ған­да, Заң­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де заң­на­ма­лық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен шы­ғын­да­ры та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­ріне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) та­риф­ті (ба­ға­ны, алым став­ка­сын) неме­се оның шек­ті дең­гей­ін және та­риф­тік сме­та­лар­ды бе­кі­ту ке­зін­де ес­ке­рі­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) са­тып алу­ды жү­зе­ге асыр­мау
иә
5
жоқ
0
21
ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың мін­дет­ті жыл сай­ын­ғы аудит­ті жүр­гіз­беу не ауди­тор­лық есеп пен жыл­дық қар­жы есеп­ті­лі­гін жа­ри­я­ла­мау
иә
3
жоқ
0
22
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­рі бой­ын­ша және тұ­та­стай ал­ған­да өзге қыз­мет бой­ын­ша кі­рі­стер­дің, шы­ғын­дар мен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің бө­лек есе­бін жүр­гіз­беу
иә
3
жоқ
0
23
Та­риф­тік сме­та­ны өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны қо­с­па­ған­да, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың 1 ма­мы­ры­нан ке­шік­тір­мей­тін мер­зім­де та­риф­тік сме­та­ның орын­да­луы ту­ра­лы есеп­ті ұсын­бау не уақ­ты­лы ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
24
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жө­нін­де­гі қыз­мет ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­лар және өзге де мүд­де­лі тұ­лға­лар­дың ал­дын­да жыл сай­ын есеп бе­ру мін­де­тін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
25
үл­гі шар­ттар­ға сәй­кес ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­ріне, сон­дай-ақ ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін өзге де қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­ріне және (неме­се) жиын­тығ­ы­на тұ­ты­ну­шы­лар­мен же­ке шар­ттар жа­сас­пау
иә
3
жоқ
0
26
ын­ты­мақ­та­стық­тың үл­гі шар­тта­ры­на сәй­кес кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру ор­га­ны­мен олар­ға ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­ріне ын­ты­мақ­та­стық шар­тта­рын жа­сас­пау
иә
3
жоқ
0
27
тұ­ты­ну­шы­лар­мен жа­сал­ған шар­ттар­ға сәй­кес рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу­ға және олар­ды тұ­ты­ну­шы­лар­ға ор­на­ту мін­де­тін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
28
есеп­теу ас­па­бы іс­тен шық­қан жағ­дай­да, ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін есеп­теу ас­пап­та­ры­ның ор­та­ша ай­лық көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша ақы ал­мау
иә
5
жоқ
0
29
уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­сі­мін­сіз негіз­гі құ­рал­дар­ға қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
иә
5
жоқ
0
30
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ұсы­ну­ға шар­ттар жа­са­су ке­зін­де тұ­ты­ну­шы­лар құқық­та­рын бұ­зу
иә
10
жоқ
0
31
та­риф­тер­ді (ба­ға­лар­ды, алым­дар став­ка­ла­рын) олар­ды қол­да­ны­сқа ен­гіз­ген­ге дей­ін он күн бұ­рын ке­шік­тір­мей­тін мер­зім­де тө­мен­де­ту ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган мен тұ­ты­ну­шы­лар­ды ха­бар­дар ет­пеу
иә
10
жоқ
0
32
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы ти­ісін­ше өзгер­ті­л­ген жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар үшін ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) та­риф­тер­ді (ба­ға­лар­ды, алым став­ка­ла­рын) неме­се олар­дың шек­ті дең­гей­ле­рін тө­мен­дет­пеу, со­ның нәти­же­сін­де атал­ған өзге­рі­стер қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген кү­ні­нен ба­стап та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі шы­ғын­да­ры­ның құ­ны аза­яды
иә
3
жоқ
0
33
мү­лік­ті мем­ле­кет мен­ші­гіне бе­ру жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, өн­ді­ріс­ке және рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­ға ар­нал­ған мү­лік­ті тен­дер ны­са­нын­да­ғы са­уда-сат­тық­та ие­лік­тен ай­ы­ру мін­де­тін орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
34
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің рет­те­ле­тін қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша кі­рі­стер­ді, шы­ғын­дар мен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­ді бө­лек есеп­ке алу­ды жүр­гі­зу әді­сте­ме­сін әзір­леу және ке­лі­су мін­де­тін орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
35
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ла­рын (жо­ба­ла­рын) орын­да­мауы
иә
5
жоқ
0
36
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі ұл­ғай­ған кез­де және ең­се­ріл­мес кү­ш­тің сал­да­ры­нан ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, отын, энер­гия шы­ғы­сы­ның тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық нор­ма­ла­рын ұл­ғай­ту, сон­дай-ақ тех­но­ло­ги­я­лық бұ­зы­лу­ды бол­дыр­мау­ға неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың нұс­қа­ма­ла­рын орын­да­у­ға ба­ғыт­тал­ған та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) көр­се­ту үшін ті­ке­лей пай­да­ла­на­тын ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, отын, энер­гия шы­ғы­сы­ның тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық нор­ма­ла­рын бес пай­ы­здан астам кө­те­ру
иә
5
жоқ
0
37
нор­ма­тив­тен тыс ысы­рап­тар болған жағ­дай­да олар­ды жою жө­нін­де іс-ша­ра­лар жос­па­рын әзір­леу және іс­ке асы­ру мін­де­тін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
38
нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар­дың дең­гей­ін уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ша­ма­ға және мер­зім­де тө­мен­дет­пеу
иә
3
жоқ
0
39
уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап етуі бой­ын­ша та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің қар­жы есеп­ті­лі­гі мен өзге де қа­жет­ті ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген, та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі ти­іс­ті та­лап­ты ал­ған күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні­нен кем бол­май­тын мер­зім­де қа­ғаз­ға тү­сі­рі­л­ген және (неме­се) элек­трон­дық жет­кіз­гіш­тер тү­рін­де бер­ме­уі (әр­бір көр­се­ті­л­ген жағ­дай үшін же­ке бір балл қо­сы­ла­ды)
иә
3
жоқ
0
40
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің нақ­ты (өт­кен күн­тіз­бе­лік жыл үшін) және жос­пар­ла­нып отыр­ған (ал­да­ғы күн­тіз­бе­лік үш жы­л­ға ар­нал­ған) шы­ғын­да­ры мен кө­лем­де­рі ту­ра­лы, сон­дай-ақ негіз­де­у­ші ма­те­ри­ал­дар­ды қо­са бе­ре оты­рып қыз­мет­тің тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты 31 та­мыз мер­зі­мі­нен ке­шік­тір­мей ұсын­ба­уы
иә
10
жоқ
0
41
са­лы­стыр­ма­лы тал­дау әді­сін қол­да­на оты­рып та­риф бе­кі­ті­л­ген жағ­дай­да, тоқ­сан (жыл) қо­ры­тындысы бой­ын­ша қыз­мет ту­ра­лы ақ­па­рат­ты есеп­ті тоқ­сан­нан (жыл­дан) кей­ін­гі ай­дың соң­ғы кү­ні­нен ке­шік­тір­мей ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
42
Заң­ның 18-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғы­ның бі­рін­ші бө­лі­гін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар­да та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің өті­нім­ді уәкі­лет­ті ор­ган­ға та­риф­тер­ді (ба­ға­лар­ды, алым­дар став­ка­ла­рын) және та­риф­тік сме­та­лар­ды жал­пы тәр­тіп­пен қай­та қа­рау үшін ал­ты ай­дан ке­шік­тір­мей ұсын­ба­уы
иә
5
жоқ
0
43
Заң­ның 18-1-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1) - 4), 5) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
44
та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым­дар став­ка­ла­ры­ның) неме­се олар­дың шек­ті дең­гей­ле­рі­нің өзгер­ті­л­ге­ні ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тұ­ты­ну­шы­ның на­за­ры­на олар кү­шіне ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін ке­мін­де отыз күн бұ­рын, ал қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің олар қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін ке­мін­де үш күн бұ­рын жет­кі­зу мін­де­тін сақ­та­мауы
иә
3
жоқ
0
45
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ның та­риф­тің өзге­руі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тұ­ты­ну­шы­ның на­за­ры­на оны қол­да­ны­сқа ен­гіз­ген­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік отыз күн­нен ке­шік­тір­мей жет­кіз­бе­уі
иә
3
жоқ
0
46
уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша та­риф­тер (ба­ға­лар, алым­дар став­ка­ла­ры) неме­се олар­дың шек­ті дең­гей­ле­рі және та­риф­тік сме­та­лар қай­та қа­рал­ған жағ­дай­да та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі ти­іс­ті та­лап­ты ал­ған күн­нен ба­стап ол эко­но­ми­ка­лық жа­ғы­нан негіз­дел­ген есеп­тер­ді және өзге де ақ­па­рат­ты бір ай мер­зім­де жа­ңа та­риф­ті (ба­ға­ны, алым став­ка­сын) бе­кі­ту үшін өті­нім бе­ру ке­зін­де­гідей кө­лем­де та­быс ет­пе­уі
иә
3
жоқ
0

Қолданыстағы