Об установлении квоты рабочих мест в Астраханском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест в Астраханском районе
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 14.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 66547_52430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BF000175
- ЭКБ идентификаторы
- 66547
- Редакция идентификаторы
- 66547_52430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:01
0 Астрахан ауданында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес халықтың, нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астрахан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Астрахан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
3
3. Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 176 «Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-130 тіркелген, № 33 «Маяк» газетінде 2010 жылғы 30 шілдеде жарияланған»)қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Ж.Мұхамеджанова
Астрахан аудандық қылмыстық-атқару
инспекция бөлімі бастығының міндетін
атқарушысы әділет аға лейтенанты
Д.Ғабдуллина