Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы левого берега реки Иртыш и Шульбинского водохранилища на участке Шульбинского шлюза и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 130 · қабылданған 14.06.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66550/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы левого берега реки Иртыш и Шульбинского водохранилища на участке Шульбинского шлюза и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 130 ·14.06.2012
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы левого берега реки Иртыш и Шульбинского водохранилища на участке Шульбинского шлюза и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 130 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы левого берега реки Иртыш и Шульбинского водохранилища на участке Шульбинского шлюза и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
130
Қабылданған күні
14.06.2012
Көрсетілген редакция
22.12.2016 66550_165713.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12V0002578
ЭКБ идентификаторы
66550
Редакция идентификаторы
66550_165713
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:01

0 Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шүлбі шлюзінің учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В. Е. Чернецкий) Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Семей қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының бастығы         Д. Тілеубаев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры                  Т. Ерубаев

7 Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «14» маусымдағы
№ 130 қаулысына қосымша
Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол
жағалауының және Шүлбі су қоймасының
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с
Су объ­ек­ті­сі, оның учас­ке­сі
Су қор­ғау ай­ма­ғы
Со­ның ішін­де су қор­ғау бел­де­уі
Ше­ка­ра­сы­ның ұзынды­ғы, (ша­қы­рым)
Ала­ңы, (га)
Ор­та­ша ені (метр)
Ше­ка­ра­сы­ның ұзынды­ғы, (ша­қы­рым)
Ала­ңы, (га)
Ор­та­ша ені (метр)
Шүл­бі шлю­зі­нің учас­ке­сін­де­гі Ер­тіс өзе­ні және Шүл­бі су қой­ма­сы, со­ның ішін­де:
1
жо­ғар­ғы және тө­мен­гі жа­қын ка­нал­да­ры­ның сол жа­ға­ла­уы бой­ы­мен
3,686
186,
262
500-510
3,706
22,
149
55-90
2
жо­ғар­ғы және тө­мен­гі жа­қын ка­нал­да­ры­ның оң жа­ға­ла­уы бой­ы­мен
3,396
43,
116
17-267
3,396
43,
116
17-267
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнының Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауының және Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Қолданыстағы